Қаржылық мониторинг агенттігі «Қазпошта» қызметкерлері үлкен сома жымқырғанын анықтады. Бұл туралы агенттік баспасөз қызметі хабарлады.
Агенттіктің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті «Қазпошта» пошта бөлімшесінің екі қызметкері 4 жыл бойы ақша ұрлап келген қылмысты ашты.
Қызметкерлер ЖШС-лардың бірінің шотына өткізген ақшасын 4 жыл бойы ұрлап келген.
Барлығы 37 миллион теңгеден астам ақша ұрланған. Сонымен қатар, олар 2013-2020 жж. ішінде құжаттарды қолдан жасау арқылы зейнеткердің 1,2 млн.теңгедан астам қаражатын иемденіп алған,
делінген хабарламада.
Операторлар 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Оларға қаржылық және мемлекеттік ұйымдарда материалдық жауапты қызметтерді атқаруға өмір бойына тыйым салынады.