«Қазпошта» пошталық және қаржылық қызметтердың барлық түрі уақытша тоқталатынын хабарлады.
Жоспарға сай жүріп жатқан техникалық жұмыстарға байланысты Нұр-Сұлтан уақытымен 2022 жылғы 28 тамызда сағат 00:00-ден 2022 жылғы 31 тамызы күнгі сағат 08:00-ге дейінгі аралықта «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінде, постаматтарда, терминалдарда, «Касса24» терминалдарында, post.kz, postbank.kz сайттарында пошталық және қаржылық қызметтердың барлық түрі жұмысын тоқтатады,
делінген «Қазпошта» таратқан хабарламада.
Сондықтан клиент бөлімшелерге бару, терминалдар мен онлайн қызметтер арқылы операциялар жүргізу, хаттарды, құжаттар мен сәлемдемелерді қабылдау/жіберу сияқты «Қазпошта» АҚ қызметтерін алар болса, алдын ала жоспарлауы керек.