Дүниежүзінде босқындар мен қоныс аударғандар саны 103 миллионнан асты. Бұл туралы БҰҰ-ның босқындар істері жөніндегі жоғарғы комиссары мәлімдеді.
Ресейдің Украинаға басып кіруі 14 миллионға жуық украиналыққа үйін тастап кетуге мәжбүр етті, бұл «кейінгі онжылдықтардағы адамдардың ең жылдам және ең үлкен қоныс аударуы» болды,
деді БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссары Филиппо Гранди.
Гранди БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде украиналықтарға «өте қиын жағдайдағы ең қатал қыстың бірін» бастан кешіруіне тура келетінін айтты. Оған қоса ол Украинаға беріліп жатқан гуманитарлық көмектің артқанын, бірақ «мағынасыз соғысты тоқтату үшін бұдан да көбірек әрекет керек екенін» жеткізді.
Дегенмен, әскери жағдайдың ұзаққа созылуы мүмкін екенін ескеріп, Гранди ведомствосы Украинаның ішінде де, одан тыс жерлерде де халықты одан әрі жылжытуға дайындалып жатыр.
Гранди ведомствоның кейінгі 12 ай ішінде тек Украина емес, әлем бойынша 37 төтенше жағдайға әрекет еткенін айтты. Мысалы, Мьянма, эфиопиядағы жағдайға көмектесіп жатқандарын алға тартты.