Categories: Қоғам

Бүгін аптап ыстық болады

«Қазгидрометтің» мәліметінше, бүгін ауа райы құбылмалы болады.

Маңғыстау облысының оңтүстігінде, шығысында, солтүстігінде шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, солтүстігінде 15-20 м/с-қа жетеді. Күндіз облыстың оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық болады.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады, жоғары өрт қаупі бар.

Солтүстік Қазақстан облысында жоғары өрт қаупі бар. 35-37 градус қатты ыстық болады.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде шаңды дауыл. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні — 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 37 градус қатты ыстық болады. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл болады. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші – 15-20, екпіні – 23 м/с.

Шымкентте шығыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде екпіні – 15-20 м/с.

Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15 м/с-қа жетеді. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-37 градус қатты ыстық болады. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі бар.

Абай облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, шығысында төтенше өрт қаупі бар.

Жетісу облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарында екпіні – 15-20, күндіз Алакөл аймағында 23-28 м/с-қа жетеді.

Қостанай облысының солтүстігінде найзағай. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні — 15-20 м/с. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында 36 градусқа дейін қатты ыстық болады. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының солтүстігінде, батысында найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының орталығында, шығысында шаңды дауыл болады. Жел шығыстан соғады, облыстың орталығында, шығысында күші – 15-20, күндіз екпіні – 23 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады. Жоғары өрт қаупі бар.

Астанада найзағай ойнайды, өрт қаупі бар.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago