Categories: Спорт

Бүгін «Астана» Чемпиондар лигасында шайқасады

Бүгін футболдан ел чемпионы – «Астана» клубы Грузияда УЕФА Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі қарымта кездесуін өткізеді.

Бір апта бұрын Қазақстан чемпионы өз алаңында «Динамо» Тбилисимен 1:1 есебімен тең тарқасқан еді.

«Динамо» Тбилиси – «Астана» ойыны Астана уақытымен 22:00-де басталады.

  • Осы жұптың жеңімпазын Чемпиондар лигасының екінші турында хорватиялық «Динамо» Загреб күтіп тұр.
  • Жеңілген команда Конференция лигасына сырғып, ол турнирдің екінші раундына мальталық «Хамрун Спартанс» клубымен ойнайды.
Ал Қостанайдың "Тобылы" Конференция лигасындағы қарымта кездесуін өткізу үшін үш сағат ұшып, Хельсинкиге келді. "Тобыл" бүгін Myyramäen стадионында ойын алды жаттығуын өткізеді. Өткен аптада "Тобыл" - "Хонка" арасындағы алғашқы ойын 2:1 есебімен қазақ клубының пайдасына шешілген болатын.
Арман Ерғалиев

Recent Posts

БҚО-да 57 жаңа үйдің құрылысы басталды

Батыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккен елді мекен тұрғындары үшін 357 жаңа үйдің құрылысы…

13 часов ago

Пара беруге итермелеген алаяқтар 10 жылға сотталды

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен «№2 және №5 нан базасы» «Астық қоймалары»…

21 час ago

Шымкент әкімінің бұрынғы орынбасары Мақсұт Исахов 8 жылға сотталды

Шымкент қаласы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Мақсұт Исаховқа сот үкімі шықты. Экс-шенеунік 2023 жылдың шілдесінде тұтқынға…

22 часа ago

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

4 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

4 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

4 дня ago