Бүгін футболдан ел чемпионы – «Астана» клубы Грузияда УЕФА Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі қарымта кездесуін өткізеді.
Бір апта бұрын Қазақстан чемпионы өз алаңында «Динамо» Тбилисимен 1:1 есебімен тең тарқасқан еді.
«Динамо» Тбилиси – «Астана» ойыны Астана уақытымен 22:00-де басталады.
- Осы жұптың жеңімпазын Чемпиондар лигасының екінші турында хорватиялық «Динамо» Загреб күтіп тұр.
- Жеңілген команда Конференция лигасына сырғып, ол турнирдің екінші раундына мальталық «Хамрун Спартанс» клубымен ойнайды.
Ал Қостанайдың "Тобылы" Конференция лигасындағы қарымта кездесуін өткізу үшін үш сағат ұшып, Хельсинкиге келді. "Тобыл" бүгін Myyramäen стадионында ойын алды жаттығуын өткізеді. Өткен аптада "Тобыл" - "Хонка" арасындағы алғашқы ойын 2:1 есебімен қазақ клубының пайдасына шешілген болатын.