Фото: ашық дереккөзден
22 тамыз Қазақстанның көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың қайтыс болғанына 29 жыл болды.
Біртуар тұлға 1912 жылы 12 қаңтарда Верный (қазіргі Алматы) қаласында, қызметкердің отбасында өмірге келген. Әкесі Меңліахмет Жұмабайұлы Алматы облысында ауылшаруашылық және сауда мекемелерінде жұмыс істеген. Қазақ және орыс тілдерінде хат таныған сауатты адам болған. Ал анасы Зәуре Баирқызы Алматы облысындағы Шелек ауданында өмірге келген. Бар уақытын балалары мен үй шаруасына арнаған.
Дінмұхамед Ахметұлы 1930 жылы Алматы қаласындағы мектепті үздік бітіріп, 1931-36 жылдары аралығында Мәскеудегі түсті металл институтында білім алды. Қайраткер ұл жарты ғасыр уақытта бұрғылау станогінің машинасынан Қазақстан орталық комитетінің бірінші хатшысы қызметіне дейін көтерілді.
Қонаев өз заманының ұлы саясаткері бола білді. Ол билік басында болған уақыт қайшылықты күрделі, қарама-қайшылықты болғанымен, елдің экономикасын, әлеуметтік саласын, ғылымын, ұлттық мәдениетін дамыту ісіне айтулы еңбек сіңірді.
Дінмұхамед Ахметұлы ел басқарған жылдары кең байтақ қазақ жерінде 68 жұмысшылар кентімен 43 қала пайда болды. Оның ішінде, өнеркәсіп орталығы болып саналған Рудный, Екібастұз, Шевченко (қазіргі Ақтау), Никольский, Степногорск, Теміртау, Жаңатас, Кентау, Арқалық қалалары салынды. Соның 7-еуі Алматы облысындағы Есік, Қаскелең, Сарқан, Талғар, Үшарал, Үштөбе, Қапшағай.
1960-1986 жылдар аралығында Қазақстан компартиясының бірінші хатшысы болды. Алайда Қонаевтың саяси қызметі 1986 жылдың 16 желтоқсанында аяқталды. Ол қызметінен босатылып, оның орнына КОКП Ульянов облыстық комитетінің 1-хатшысы Геннадий Колбин сайланды. Нәтижесінде «Желтоқсан» оқиғасы атымен есте қалған жаппай тәртіпсіздіктер орын алды.
1987 жылы маусым айында «Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы болғанда республика партия ұйымын басқарудағы жіберген қателіктері үшін» деген айыппен Қазақстан компартиясының орталық комитетіне мүшеліктен шығарылды.
Дінмұхамед Қонаев өмірінің соңына қарай халықпен еркін араласты, «Өтті дәурен осылай», «Ақиқаттан аттауға болмайды» деп аталатын естелік жинақтар қалдырды.
Әрбір мықты ердің артында ақылды әйел тұрады. Димаш Ахметұлы сүйікті жұбайы Зуһра Шәріпқызымен 50 жыл 6 ай 2 күн отасқан. Ол әйеліне деген махаббатын өмір бойы жанына жалау қылып, өле-өлгенше сыйласқан. Қос жұпты таныған жандардың айтуынша, Зуһра Шәріпқызы ешуақытта «ұлықтың әйелімін» деп өзімшілдік танытпаған. Керісінше ашық-жарқын болып, айналасындағыларды қонақжайлылығымен қуантқан. Әрдайым ибалы да инабатты мінезімен ата-енесіне, еліне сыйлы келін болған.
Өкінішке қарай, халқының сүйікті ұлы өмірінің соңына қарай қиын күндерді бастан кешірді. Оған күйе жағылып, орынсыз пікірлер айтылды. Дінмұхамед Қонаев жасырын үйқамақта болып, саяжайдан және зейнетақысынан айырылды. Жинаған 35 мың рублін өзінің пәтерін сатып алуға жұмсаған. Дінмұхамед Қонаев 1993 жылы Мұхамеджан Тынышбаевтың 125 жылдық мерейтойына қатысу үшін Сарқантқа барып, сол жерде 82 жасқа қараған шағында көз жұмды.
Дінмұхамед Қонаевтың ескерткіштері Алматы, Тараз қалаларында, Үшарал мен Төрткөл ауылында орнатылды. Оның құрметіне Алматы, Нұр-сұлтан, Тараз, Талдықорған, Шымкент, Үшаралдың көшелеріне есімі берілген. 2002 жылы Алматыда Дінмұхамед Қонаев атындағы мұражай ашылды.
22 тамыз Дінмұхамед Қонаевты еске алу күні болып аталып, еліміздің түкпір-түкпірінде қазақтың көрнекті қоғам қайраткерін еске алуға арналған кештер өткізілуі дәстүрге айналған.
Биыл мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Алматы облысындағы Қапшағай қаласының атауы Қонаев қаласы болып өзгертілді.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…