Мәселеден жалтарған министрлер мен экс-депутат

Өткен аптада әлеуметтік желілерде қазақ аудиториясы баласын мектепке 36 мың теңгеге киіндірген Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовты, шайды қантсыз ішетін Сауда және интеграция министрі  Серік Жұманғаринді, Нұр-Сұлтанда жерге түкіруге тыйым салатын жаңа заңды және Бекболат Тілеуханның сұхбатын жаппай талқылады.

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов баласын мектепке 36 мың теңгеге киіндіргені қоғамда резонанс тудырды. Қоғам талқысына түскені — Аймағамбетов дәлел ретінде көрсеткен чегі. Көзі қырағы жұрт чекте балаға аяқ-киім мен дене шынықтыру формасы, керек-жарақтары алынбағанын байқады. Көпшіліктің пікірінше, 36 мың теңге деген төмендетіліп айтылған сан. Негізінде баланы бастан-аяқ киіндіруге бұдан екі есе сома шығады. Ата-аналардың әрқайсы балаларын неше теңгеге киіндіргендерін айтып, елде қымбатшылық жайлап тұрғанын және министрлер бұған еш назар аударғысы келмейтінін меңзеді.

Нұр-Сұлтанда көшеде түкіруге айыппұл салу туралы жаңа заңды халық жақсы қарсы алды. Енді түкіргенін сергек камералары анықтаған жағдайда елордалықтар 5 айлық есептік көрсеткіште айыппұл төлейтін болады. Әлеуметтік желі оқырмандары бұл жаман әдетпен күресудің жақсы жолы екенін айтысып, барлық өңірге қажет деген пікірлерін білдірді. Әсіресе Алматыға.

Жаңадан сайланған Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің «шайды қантсыз ішемін, бірақ тосап қосамын» деген жауабы елдің ашуын туғызды. Елдегі қант тапшылығы жағдайында министрдің бұл жауабы мәселені шешуден жалтару болып қабылданды. Әрі тосап қайнату үшін де қант керегін тағы бір есіне салды.

Демалыста бұрынғы депутат Бекболат Тілеуханның Түркия қаласы Стамбулдан берген сұхбаты жұрт талқысына түсті. Осыдан біраз уақыт бұрын экс-депутат Түркия азаматтығын алғалы жатыр деген ақпараттың мән-жайы айтылды. Әлеуметтік желі қолданушылары Бекболат Тілеуханның әр сөзіне күмән келтіріп, сенімсіздік білдірді. Жұрт әсіресе ел патриотының өмір сүру үшін, емделу үшін басқа елді таңдағанына наразы. Денсаулық сақтау саласындағы проблемаларды депутат кезінде неге көтермеді деп сауал тастап жатты.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

3 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

3 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

3 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

3 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

3 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

4 дня ago