Қытай басшысы Си Цзиньпин әлемдік бейбітшілікті нығайту үшін Қытай мен АҚШ бір-бірімен тіл табысуды үйренуі керек екенін айтты. Ол екі ел арасындағы ынтымақтастық пен байланысты арттыруға шақырды, деп хабарлайды Deutsche Welle.
Қазіргі әлем бейбіт те, тыныш та емес. АҚШ пен Қытай халықаралық тұрақтылықты ілгерілету үшін бірлесіп жұмыс істеуі керек.
делінген Қытай басшысының үндеуінде.
Си Цзиньпиннің айтуынша, Қытай мен Америка Құрама Штаттарының әлемдік державалар ретінде байланысы мен ынтымақтастығын нығайту жаһандық тұрақтылықты, бейбітшілік пен дамуды нығайтуға көмектеседі. ҚХР Төрағасы өз елі «екі елдің жаңа дәуірде бір-бірімен тіл табысуына мүмкіндік беретін жолдарды іздестіру үшін өзара құрмет пен бейбіт қатар өмір сүру жағдайында АҚШ-пен ынтымақтасуға» дайын екенін көрсетті.
АҚШ пен Қытай арасындағы қарым-қатынастың шиеленісуі
Қазіргі уақытта Вашингтон мен Бейжің арасындағы қарым-қатынас Тайвань мәртебесіне және Ресейдің Украинаға қарсы соғысына қатысты әртүрлі көзқарасқа байланысты өте шиеленісіп тұр. Бейжіңнің наразылығына қарамастан АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының төрағасы Нэнси Пелоси мен бір топ америкалық конгрессмендердің Тайваньға жасаған демонстрациялық сапарларынан кейін олар күрт шиеленісе түсті. Кейін Тайваньға германиялық бундестаг депутаттары делегациясы да барды.
Қытай Тайваньды «бүлікшіл провинция» деп санайды және қажет болған жағдайда оны «күшпен бақылауға аламыз» деп қорқытады. Америка Құрама Штаттары Тайваньның тәуелсіздігін ресми түрде мойындамайды, бірақ сонымен бірге оған жан-жақты, әскер түрде де көмек береді.