Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Саясат > Бүгінгі қазақтар басқа – Сергей Дуванов
Саясат

Бүгінгі қазақтар басқа – Сергей Дуванов

Арман Ерғалиев
Арман Ерғалиев 21.04.2023
Обновлено 21.04.2023 в 11:04
Поделиться
Фото: datnews.info
Поделиться

Қазақстандық саясаткер Петр Своиктың «орыс әлеміне» қатысты пікірі қоғамда қызу талқы тудырды.

«Қазақстан және қазақтар – орыс әлемінің бір бөлігі. Тарихи және географиялық тұрғыдан. Бәрі керемет болды дей алмаймыз. Түрлі жағдай болды. Бірақ Қазақстан мен қазақтар ұлт ретінде осының бір бөлігі», – деген еді Петр Своик.

Своиктің айтуынша, білімді қазақтар жүрген ортасында қазақ емес адамдар болса да, болмаса да, автоматты түрде орысша сөйлейді.

«Қазақтанда қазақ емес басқа халықтар болмаса да, қазақтар бәрібір орыстілді болып қала береді. Тіл бар жерде дүниетаным да, білім де, информатика да бар. Орыс әлемі болған, бар және бола да береді», – дейді Петр Своик.

Оның бұл сөзі ел арасында қызыл кеңірдек пікірталас тудырып отыр. Әрине, дау айтушылар аз емес. Танымал журналист және саясаткер Сергей Дуванов Петр Своиктің пікіріне неге үзілді-кесілді қарсы екенін NEGE тілшісіне түсіндіріп беріпті.

– Меніңше, Своик кеңестік және орыс кеңістігін шатастырып алып отыр. Рас, біздің бәріміз «совоктың шекпенінен» (Совок – Кеңес одағының ел арасындағы жағымсыз атауларының бірі – ред.) шықтық. Егде буын өкілдері кеңес кезінде өмір сүрді. Олардың ойлау жүйесі де ерекше. Кеңес дәуірінде ұлттан жоғары тұратын жаңа адамды жасап шығару тұжырымдамасы болды.

Иә, мен де кеңес кеңістігінің адамымын. Бірақ бұл жерде бәрін басқаша қарастырған жөн. Қазақтар, орыстар, татарлар, поляктар мен француздар бар. Әр халықтың өз мемлекетін құруға құқығы бар. Егер әлдебіреулер өткен ғасырлардағы империялық санада қалып қойса, «империя бар, олар өткен дәуірлерде қалыптасқан қағидаттарды басшылыққа алу керек» деп есептесе, оған да жеке құқығы бар.  

Бірақ әлем әлдеқайда озып кетті. Петр Владимирович бұл мәселеде тым артта қалып қойған тәрізді. Ол өткен дәуірдің түсініктерін алға тартып отыр.

Әлемнің өзгергені соншалықты, бүгінгі қазақтар басқаша. Оның жасындағы қазақтардың сол дәуірден мұраға қалған сипаттары бар. Мұнымен келісуге болатын шығар. Бірақ совок туралы ештеңе білмейтін буын өсіп жетілді. Украинадағыдай, қазақтардың да ұлттық санасы өсті. Адамдар өзінің этникалық тегін, тарихи тамырын біледі. Кеңес одағы таңған дүниелер, кеңестік идеологиялар келмеске кетті. Жаңа идеологиялар басымдыққа ие болды. Ұлттық сананы жаңғырту үдерісі жүріп жатыр. Айналада болып жатқан жайттардан мұны анық көріп отырмын. Осы елдің азаматы ретінде бұл үдерістерге оң көзбен қараймын.

Украинаның әлеуметтік ілгерушілік тұрғысынан дұрыс жолды таңдағаны анық. Бірақ бұл барша жұртқа ұнай бермейді. Әсіресе, Петр Владимирович секілді адамдарға. Нақтырақ айтқанда, Владимир Владимирич Путинге. Оған империяның ыдырап бара жатқаны жақпайды. Көп елдердің совокқа қайтқысы келмейтіні ұнамайды. Олар осы үрдісті тоқтатқысы келеді. Бұл олардың қолдарынан келе қоймас деп ойлаймын.

«Орыс әлемін» әркім әртүрлі түсінеді. Көбі мұны орыс тілі, көпқатпарлы орыс мәдениеті деп біледі. Бұл көзқарасты мен де қолдаймын.

Кейбірі рухани ұстын деп ойлайды. Мұның не екені түсініксіздеу. Біреулер «православ діні, ішкі бірлікке ұмтылу, өз құндылықтарын дәріптеу» деп есептейді. Мәселен, Дугин осы идеялдарды насихаттады. Мен мұнымен келіспеймін. Уәж айтып, дауласуға әзірмін.

Кеңес одағына дейін орыстар кәдімгі жартылай еуропалық халық болатын. Себебі, жартылай азиялықтарға тән сипаты болды. Бәрін құртқан – кеңес билігі. «Теңдікті» ту етіп, жүз жылға жуық адамдарды жарымжан еткен режим халықты, адамдарды қазіргі деңгейге жеткізді. Бұл – құндылықтары ауысқан ерекше әлем.

Адамдар тұлғалық немесе отбасылық құндылықтарды емес, «ел!», «держава!», «қайталай аламыз!», «біз бәрінен күштіміз!», «біз басқалардан артықпыз!», «бәрінің көзіне көк шыбын үймелетеміз!» деген ұғымдар басым түсіп тұр. Бәрі бірдей демесем де, Путинді қолдап отырған ресейліктердің 70 пайызы дәл осы жайтты анық көрсетіп отыр. Қазіргі «Орыс әлемі» дегеніміз – осы.

50 жыл өткен соң, біз бәрібір қазақстандық немесе қазақ боламыз. Қалай аталатынымыз аса маңызды да емес. Бастысы, бір-бірімізді жақсы түсінетін боламыз.

Қазірдің өзінде Ресейде тұрып жатқан орыстар мен Қазақстанда тұрып жатқан орыстардан үлкен айырмашылық көремін. Бұл – «қазақстандық әлем».

Жаңа қауымдастық құрылым келеді. Қазақстанда тұрғындар жұмсақ мінезді. Бір-біріне күліп қарайды. Аман-саулық сұрайды. Дүкенге кірсе, сәлем береді. Ресейде мұның бірін де көрмейсің. Ол жақтың орыстары басқа. Қаласақ та, қаламасақ та, түбі осыған келеміз. Өйткені, бұл – объективті үрдіс.

Бір мысал айта кетейін. Мобилизация кезінде Ресейден бізге релоканттар ағылып келді. Әлеуметтік желіде көп қазақтардың «біздің орыстарымыз басқаша» деп жазғанын жиі кезіктірдім. Ұлтшыл адамдардың өзінің аузынан «біздің орыстар» деген сөзді есту – құлаққа аса жағымды.

ТЕГи: Геосаясат, Главное, Қазақстан, Сарапшылар ойы
Арман Ерғалиев 21.04.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?