Бүкіл әлемге аштық қаупі төніп тұр және Байденнің кезекті қателігі. 8 шілде

Әлемдік БАҚ не туралы жазды.

Shell vs Байден

The Wall Street Journal Shell мұнай компаниясы мен АҚШ президенті әкімшілігі арасындағы шиеленіс туралы жазады. Компания Мексика шығанағында бұрғылауды бастауды жоспарлап отыр, бұл Ақ үйдің мұндай қадамға жол бермеу туралы нақты сигналына қайшы келеді.

Климат және Жасыл экономика туралы саяси пікірталастардан өзге, Байден әкімшілігі АҚШ-қа жақын аумақтарда мұнай өндіру елдің экологиялық қауіпсіздігіне қауіп төндіретінін бірнеше рет түсіндірді.

Алайда, Shell мұнай өңдеу маржасы тоқсандық кірісті кем дегенде миллиард долларға арттыруы мүмкін деп мәлімдеді. Ал мұнай өндіру перспективасы бірнеше онжылдықты құрайды.

Джонсонның Аққу әні болмайды

Отставкаға кеткеннен кейін тағы үш ай Ұлыбританияны басқара тұрамын, әдемі кетемін деген Борис Джонсонның жоспары іске асуы екіталай деп жазады Вloomberg.

Билеуші консервативті партия шұғыл түрде жеделдетілген байқау бастады және Джонсонның орнын басатын адамды ең көп дегенде екі апта ішінде табуға ниетті.

Дүниежүзінде ашаршылық болатыны сөзсіз

The Guardian Блэр институтының тағы бір брошюрасынан үзінділер жариялады, онда БҰҰ Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының директоры «Ресей Украин астығының блокадасына байланысты ашаршылық қаупі» туралы ескертеді.

Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді реформаларға, оның ішінде ресейлік блокадаға түсіп қалған 25 миллион тонна украин астығынан блокаданы жедел алып тастауға шақырған Патрик Бизли қазіргі азық-түлік қол жетімділігінің дағдарысы, егер шаралар қабылданбаса, 2023 жылы одан да қауіпті жағдайға айналуы мүмкін деді.

БҰҰ-ның Covid дағдарысына дейін «өткір азық-түлік тапшылығы» ретінде жіктелген адамдар саны 130 миллион болды, бірақ Covid-тен кейін бұл сан 276 миллионға жетті.

Блэр институтының жаңа брошюрасының алғы сөзінде Бизли жақын болашақтағы аштық дағдарысы туралы айтады:

Бұл сан Украинадағы дағдарысқа байланысты 345 миллионға дейін өсті, ал 45 елдегі 50 миллион адам қазір аштық алдында тұр. Халықаралық қауымдастық жақындап келе жатқан ашаршылық апатын тоқтату үшін шаралар қабылдауы керек, әйтпесе бұл сандар күрт артады.

Өз халқының аузынан жырып, ҚХР-ға көмектесу?

Fox news АҚШ президентінің өз қолымен жасап алған проблемалары туралы жазды. Республикашылар Байденді Қытайға стратегиялық мұнай қорларын жіберуге рұқсат бергені үшін жаппай сынға алды.

Reuters кедендік мәліметтерге сілтеме жасай отырып, стратегиялық мұнай резервінен (SPR) алынған бес миллионнан астам баррель мұнай АҚШ мұнай өңдеу зауыттарының орнына Азия елдеріне жіберілгенін хабарлады.

Америка халқы біздің энергетикалық және ұлттық қауіпсіздігімізге қауіп төндіретін Қытай Коммунистік партиясы сияқты шетелдік қарсыластарға энергетикалық резервтеріміз неге жіберіліп жатыр деген сұраққа жауап алуға лайық,

деп мәлімдеді Өкілдер палатасының энергетика және сауда комитетінің мүшесі Кэти Макморрис Роджерс.

Президент Байден америкалық энергетикалық саясатты қатты бұзғаны сонша, бұл жаңалық таңғаларлық болмады. Біздің стратегиялық резервтеріміз әлемдік мұнай нарықтарын қанағаттандыру үшін емес, ұлттық қауіпсіздігімізге арналған, 

деді Өкілдер палатасының мүшесі Ральф Норман.

Басылым соңғы айларда Байденнің жарлықтары бойынша стратегиялық резервтен 200 миллионнан астам баррель алынып, оның көп бөлігі Ресей мұнайының әсерін азайту үшін Еуропа елдеріне жіберілгенін айтады. Сонымен қатар, соңғы айларда америкалық жанармай бекеттеріндегі бағалар 100%-дан астам өсті.

Жаппай бақылау қаупі

New York Times үкіметтің өз халқын толық цифрлық бақылауға алу әрекеті жақсылыққа әкелмейді деп жазады.

Басылымның дереккөздері хабарлағандай, хакерлер Қытай полициясының деректер базасын бұзды, бұл қауіпсіздік кемшіліктеріне байланысты мүмкін болып отыр, өйткені Пекин өз азаматтарының жеке деректерін жинауға көп күш жұмсайды, бұл бақылау жүйелерінде «қара саңылаулар» жасайды, бұл хакерлік топтардың жұмысын едәуір жеңілдетеді.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

1 день ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

1 день ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

1 день ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

1 день ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

1 день ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

2 дня ago