«Бұл — Қазақстанның жеңісі» — Нора Джеруто

Қазақстан спортшысы Нора Джеруто жеңіл атлетикадан әлем чемпионатында 3000 метр қашықтыққа жүгіріп алтын алды. Vesti.kz атлетпен болған сұхбатты жариялады.

Әлем чемпионатында жеңіске жеткеніме аса қуаныштымын, шексіз бақыттымын! Жаңа отанымның туы астында жарысқа түсу мүмкіндігін күткен едім. Бүгін әлемдік біріншілікте Қазақстанға бірегей сыйлық жасағым келіп, өзімді көрсетуге тырыстым. Қолымнан келді деп ойлаймын,

деді Нора Джеруто.

Спортшы алтын алып қана қоймай, осы қашықтық бойынша әлем чемпионаты рекордын орнатты. Өзі бұл көрсеткішке қажырлы еңбекпен, ұзақ дайындықпен жеткенін айтады. Барлық команданың сенімі мен үмітін ақтағанына бек қуанышты.

Әуелі отбасым мен Қазақстанға маған сенгені үшін ерекше алғыс айтамын. Қазақстан тарапы маған үлкен қолдау білдіріп, кейінгі 5 жылда кедергілермен жүгіру техникасы мен әдісін үйретті. Бұл — осы қашықтықққа жүгірудегі аса маңызды дайындық кезеңдерінің бірі. Бүгінгі нәтиже — менің ғана емес, Қазақстанның да жеңісі. Қазақстандағы жеңіл атлетиканың ары қарай дамуы үшін бар білімімді, тәжірибем мен күшімді салуға дайынмын.

Нора Джеруто алдағы жоспарлары туралы айтып берді. Ол қазір өтіп жатқан Гауһар лиганың ең беделді кезеңіне дайындалып жатыр. Медаль аламын деп үміттенеді.

Өкінішке қарай, Азия ойындары болмайтын болды. Сол жерде еліміздің туын желбіретемін деп жоспарлап едім. Дегенмен алда көптеген жаңа старт күтіп тұр. Деңгейімді төмендетіп алмас үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын,

деді спортшы.

Айта кетейік, Нора Джеруто 3000 метр қашықтықты 8:53,02 минутта жүгіріп өтті. Ол Қазақстан құрамасы атынан әлем чемпионаттарына 2022 жылдан бастап қатысуға рұқсат алған.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

1 неделя ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

3 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

4 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

8 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago