Қазақстан жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты тарихында алғаш рет алтын алды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстан спортшысы Нора Джеруто Орегондағы (АҚШ) әлем біріншілігінде бірінші болып келді. Атлет 3000 метр қашықтықты 8:53,02 уақытта жүгіріп өтті.
Бұл — Қазақстанның жеңіл атлетика бойынша әлем чемпионатындағы алғашқы алтыны.
Екінші болып Веркуха Гетачью (8:54,61), үшінші болып Мекидес Абебе (8:56,08) келді. Екеуі де — Эфиопия спортшысы.
Нора Джеруто Кенияда туып-өскен. Қазақстанға 2017 жылы келген. 2022 жылы әлем чемпионаттарына Қазақстан атынан қатысуға ресми рұқсат алды.