Сайлауға қатысу және сайлаушылардың таңдауы бойынша тәуелсіз зерттеу нәтижелерін белгілі әлеуметтанушы Гүлмира Илеуова өзінің Facebook парақшасында жариялады.
Сөзбе-сөз келтірсек:
«Біз өз бастамамызбен және өз есебімізден ақпанның 17-сі мен 27-сі аралығында еліміздің 20 өңірінде жүргізген сауалнама қорытындысы бойынша:
1. Келуі мүмкін дегендер 59%-ды құрайды, оның 23%-ы міндетті түрде барады.
2. 5% меже қорытындысы бойынша өтеді:
— Аманат — 43,6%,
— Ақ жол — 11,3%,
— Ауыл — 9,9%,
— ҚХП — 6.3%,
— Республика — 6.2%,
— әлі шешкен жоқ — 12,7%.
3. Бір мандатты округтер бойынша партиядан ұсынылған кандидат үшін – 47,5%,
Партиялық емес кандидатқа – 30,2%,
Жауап беру қиынға соғып тұр – 19,6%».