Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Қоғам > БҚО-да киіктер таскенеден қырылып жатыр
Қоғам

БҚО-да киіктер таскенеден қырылып жатыр

Сая Манарбековна
Сая Манарбековна 12.04.2023
Обновлено 12.04.2023 в 11:04
Поделиться
Фото: ашық дереккөзден
Поделиться

Кененің тым көбейіп кетуінен киіктер ғана емес, ірі қара да өле бастаған. Ал жылда киіктердің қаптауынан онсыз да жапа шегіп келе жатқан шаруалар биыл таскенеден құтылудың жолын таппай отыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігінің тілшісі.

Батыс Қазақстан облысындағы Бөкей Ордасы, Жәнібек, Казталовка, Жаңақала сынды аудандардағы киік саны биыл тағы екі есеге көбейген. Ақбөкенмен мал өрісте бірге жайылып жүр. Киіктерде биыл таскене қаптап кеткен. Ол енді жылқы мен сиырға жұғып, шаруаларды әуре-сарсаңға түсіріп жатыр.

Киік көбейгелі, таскене де қаптады. Қадалған жерінен қан сорып, жарылғанша түспейді. Міне, киіктің пайдасы. Босқа өліп жатыр. Былтыр ресми санақ бойынша төлдегенге дейін біз жақтағы киіктің саны 820 мың еді. Төлдеген соң олар кемі екі есеге көбейді. Әдетте маңына жолатпайтын даланың ақбөкені жүруден қалып, өліп жатыр. Таскенеден біз де әбден зардап шегіп, қиналып келеміз,

дейді Исатай Сейсенғалиев.

Оның айтуынша, жайылымдағы мыңғырған малға жабысқан таскене ауылға да қаптаған. Шаруалар онсыз да көктемнен көтерем болып әрең шыққан мал қансорғыш таскенені көтере алмай жатқанын айтады. Кейбір шаруалар өрісте жүруден қалған ірі қараны қорада қамап ұстауға мәжбүр. Өйткені, далада бірге жайылып жүрген киіктегі таскене малға тез жұғады.

Кенеден тазартудың жолы – малды күпкіге салу. Мен күпкіге тоғытатын арнайы орын салып алдым. Жылқы мен сиырды дәріленген суға түсіреміз. Бірнеше мың малды дәрілеу ауыр әрі оның шығыны да аз емес. Міне, киіктер осылай таскенеден өліп жатыр. Малға да зияны тиіп, шаруалар қиналып жатыр. Қазір мен өрістегі жылқыларды күпкіге салып жатырмын. Мемлекет әлі күнге киіктің мәселесін шеше алмай келеді. Оның зиянын батыстағы шаруалар тартып отыр. Жақсыбай ауылы,  Казталовка аудандарының шаруалары таскенеден қиындық көріп келеді,

деді қожалықтың иесі.

Жуырда киік төлдеп, құралайын өргізеді. Шаруалардың болжауынша, биыл олардың саны кемі 2,5 миллионға жетеді. Төлдейтін кезде ақбөкен ауыл маңында апталап өреді. Адамдар ақбөкенмен бірге тас кене де ауылға қаптап кете ме деп алаңдар отыр.

ТЕГи: Қазақстан
Сая Манарбековна 12.04.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?