Жемқорлық

БҚО-да тергеліп жатқан шенеунік шекарадан қашып кетпек болған

Лауазымын теріс мақсатта пайдаланды деп айыпталған Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауының басшысы «Қордай» шекара бекеті арқылы Қырғызстан шекарасын кесіп өтпек болған. Бұл туралы Inbusiness.kz ақапарттық агенттігі хабарлады.

Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауының басшысы Мәди Отарбаевқа қатысты іс биыл маусым айында сотқа келіп түсті. Содан соң ол 3 тамызда түн ортасында шекарадан өтуге тырысқан.

Ол ҚК 3-тармағының 4-бөлігінің 361-бабы “Ауыр зардаптарға әкеп соқтырған лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану” бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп айыпталуда. Бұған жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген. Мамыр айынан бастап қылмыстық қудалау органы оған елден кетпеу туралы бұйрық берген.

Шетелге қашпақ болғаннан кейін 4 тамызда Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының № 2 соты оған бұлтартпау шарасын қамауда ұстауға өзгертті.

Мәди Отарбаевтың өзі және оның адвокаты бұлтартпау шарасын бұрынғы күйінде қалдыруды сұрады. Сотталушы арам ниеті жоқ екенін айтып, отбасылық және денсаулық жағдайы бойынша Бішкекте тексеруден өткісі келгенін түсіндірді.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago