Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Саясат > БҰҰ Ресей әскерін Украинадан әкетуді талап ететін қарар қабылдады. Қазақстан қалыс қалды
Саясат

БҰҰ Ресей әскерін Украинадан әкетуді талап ететін қарар қабылдады. Қазақстан қалыс қалды

Анара Бауыржанқызы
Анара Бауыржанқызы 24.02.2023
Обновлено 24.02.2023 в 11:02
Поделиться
Поделиться

Ресей әскерін Украинадан әкетуді талап ететін қарарды 193 елдің 141-і қолдады. 7 мемлекет қарсы дауыс берді. 32-сі қалыс қалды, деп хабарлайды Азаттық Радиосы.

Қарарға Ресейден бөлек, Беларусь, Эритрея, Мали және Сирия қарсы дауыс берді. Қалыс қалғандар арасында Қазақстан, Армения, Тәжікстан, Қытай, Үндістан және Иран бар.

Қарарды талқылауды Киев ұсынған. Ұсынысқа 60-тан астам ел қосылған. Қарарда «БҰҰ жарғысы принциптері негізінде тұтас, әділ және тұрақты бейбітшілікті» іздеу қажет екені айтылған.

Құжатта Ресей әскерін Украина аумағынан дереу әкету туралы талап бар.

БҰҰ Минскінің қарарға қатысты келіссөзге шақыру және Киевке қару беруге тыйым салу туралы түзетуін қабылдамады.

Украинаның Адам құқығы жөніндегі уәкілі Дмитрий Лубинец Telegram-дағы арнасында бұл құжат жөнінде «бұл – елдің қауіпсіздігі мен Украинаның аумақтық тұтастығын қамтамасыз ететін маңызды қадам» деп жазды.

Қауіпсіздік кеңесінен айырмашылығы БҰҰ Бас ассамблеясында Ресей құжатқа вето қоя алмайды. Қарардың рекомендациялық сипаты бар.

Ресейдің БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Василий Небензя «резолюция бір жыл бұрын ушығып кеткен Ресей мен Батыс арасындағы қарама-қайшылықты жоюға әсер етпейді» деп мәлімдеді. Оның мәлімдемесін ТАСС агенттігі жариялады. Небензя қарарды «біржақты, шындықтан алшақ жатқан» құжат деп сынады.

Ресейге экономикалық тұрғыда тәуелді Қазақстан Ресейдің Украинаға басқыншылығын ашық айыптаған жоқ, қолдаған да жоқ. Бұған дейін БҰҰ-да Украинаға қатысты мәселелер бойынша дауыс берген кезде Қазақстан көп жағдайда қалыс қалған. Ресей басқыншылығын айыптаудан бас тартқан Қазақстанның позициясына қатысты қоғамда сын айтылған. Қазақстан сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді бұған дейін «қалыс қалу да – позиция», «біз ұлттық мүддемізді ескере отырып дауыс бердік» деген.

ТЕГи: Геосаясат
Анара Бауыржанқызы 24.02.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

Саясат

Қазақстан Киев шақырған саммитке қатысу мәселесін әлі қарастырып жатыр

05.06.2024
МаңыздыСаясат

Утильсбор деген қазақтың соры…

31.05.2024
Әлеуметтік желіге шолуСаясатСпорт

Турлов деген бәле болды…

30.05.2024
Саясат

Мирзияевке тіл тигізбе, сотталасың!

30.05.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?