Ресейде қазақстандық рэпер Jah Khalib (Бахтияр Мамедов) Мәскеу мен Санкт-Петербургтегі концерттерін тоқтату ұсынылған болатын. Әнші осы жағдайға қатысты пікір білдірді.
Бұған дейін Мемлекеттік дума депутаттары Яна Лантратова мен Виталий Милонов әншінің әлеуметтік желідегі жазбасынан мысал келтіріп, «Украина қарулы күштерін ашық қолдағаны» үшін оның концерттерін өткізбеуге шақырған болатын. Ал рэпердің сөзінше, кейінгі кезде дау туғызған бұл жазбасы бір жыл бұрын жазылған.
«Діттеген жердеміз. Киевтеміз. Аман-сау, дүрбелең туғызған жоқпыз. Біз ешқайда бармаймыз. Украиналықтар, сіздерді енді тек жақсы көрмеймін, таңданамын», — деген екен ол.
Рэпер қазір Қазақстанда тұратынын әрі Ресейге қатысты жаман ниеті жоқ екенін айтты.
«Кейінгі күндері мен туралы оқығандарыңыздың бәрі — өтірік. Менің дау туғызған сторисім бір жыл бұрын жарияланды. Бұл қиын сәтте өз бастарын қатерге тігіп, менің және жүктіліктің сегізінші айындағы әйелімнің бомбадан қорғанатын жерден эвакуациялануымызға, Қазақстанға аман-есен жетуімізге көмектескен Украинадағы қарапайым адамдарға арналған ризашылық сторисі болды. Аллаға шүкір, дені сау қызым дүниеге келді. Бір жыл уақыт бойы туған қалам Алматыда тұрып жатырмыз. Менің барлық командам — Ресей азаматтары, Ресейде тұрады. Менің тыңдарманымның көп бөлігі Ресейде тұрады. Мен жақсы көңілмен әрқашан Ресейге барып тұрамын, қуана-қуана концерттер беремін, сұхбаттарға барамын, радиостанцияларға шығамын. Бұл менің Ресей халқына деген жақсы қарым-қатынасымды көрсетеді», — деп жазған әнші.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…