Categories: Білім

Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?

Соңғы күндері аттестаттаудан өте алмай, сағы сынған мұғалімдердің жанайқайы көбейді. Орал қаласының өзінде бір күнде сыннан өткен 50 педагогтің 49-ы сүрінген екен. Күніне 10 мұғалім тапсырса, олардың бірі ғана аман-есен өтеді. Қалғандарының өкініштен өзектері өртеніп, жылап шығып жатқандарын көріп жүрміз. Бұлардың көпшілігі жаңартылған бағдарлама бойынша сабақ беріп жүрген тәжірибелі мамандар бола тұра, тиісті межеден көріне алмағаны қалай деген сұрақ туады, деп жазады Егемен Қазақстан.

Себепсіз салдар болмайды деген бар. Өзіміздің неден сорлап жатқанымызды біліп отырмыз. Бұған себеп – ағылшын тілінен сөзбе-сөз, сапасыз аударылған оқыту әдістемесі екені анық. Біреулер санаттаудың жаңа ережесі енгізілгелі аттай 5 жыл өткен жоқ па деуі де мүмкін. Солай екені де рас. Бірақ бастапқы кезде оқыту әдістемесінің шекті балы көңілге қонымды болды. 2021 жылы педагог-шебер санатын алу үшін әдістемеден 30 тест тапсырмасының 14-ін шешсе жеткілікті еді.

Кейін жағдай біртіндеп өзгере бастады. Сол кездегі Білім және ғылым министрлігі 2021 жылдың көктемінде талапты жоғарылатып, педагог-модератор – 18, педагог-сарапшы – 21, педагог-зерттеуші – 24, педагог-шебер 27 балл жинауы керек екенін құлаққағыс қыла бастады. Бұл өзгерістердің салдары жақсы болмайтыны айдан анық еді. Алайда мұғалімдердің өтінішін құзырлы органдар менсінбеген.

Келесі жылы оқыту әдістемесінің шекті балы тағы өзгерді. Бұрын педагог-модератор болу үшін 30 тапсырманың 9-ын шешу жеткілікті болса, енді 12 балл жинау қажет болды. Педагог-сарапшының ұпайы 11-ден 15-ке өзгерді. Педагог-зерттеушінің балы 12-ден 18-ге көтерілді. Педагог-шеберлер енді 30 балдың 21-ін алуы шарт болды.

Оқу-ағарту министрлігі 2022 жылдың күзінде мұғалімдердің өз пәнінің тест тапсырмасының дистракторын азайтып, бір жауапты етті. Ал әдістеменің 30 балдық тапсырмасын 20-ға түсіргенмен, шекті балы күрт көтерілді. Ендігі жерде педагогтер оқыту әдістемесінен мынадай межені бағындыру қажет болды: педагог-модератор – 20/12, педагог-сарапшы – 20/14, педагог-зерттеуші – 20/16, педагог-шебер – 20/18.

Өздеріңіз де байқаған шығарсыздар, екі жылдың ішінде талап екі есе жоғарылады. 2021 жылы педагог-зерттеуші методикадан 30 балдың 12-сін, яғни, 40 пайызын жинауы керек болатын. Қазір 20 тапсырманың 16-сының дәл жауабын көрсетіп, 80 пайызын білуі керек.

Бұл әрекетті педагогтерге жасалған қиянат деген дұрыс болар. Өйткені мұғалімдер бірінші кәсіби жетістіктері жинақталған портфолио тапсырады. Соның өзіне де қойылып отырған шарттар жеңіл емес. Оқу-ағарту министрлігі аттестаттауды мейлінше сараптап, жүйелі, ақылға қонымды етіп жүргізсе дейміз. Қысқасы, ағылшын тілінен шалағай аударылған эклектикалық әдістемені алып тастап, педагогтерге кәсіби жетістіктері мен өз пәні бойынша теориялық білімінің нәтижесі негізінде санат беру керек.

Адамның барлық жағынан жолын жауып, мүмкіндіксіз қалдыруды әлеуметтануда «депривация» дейді. Қазіргі мұғалімдердің біліктілік санатын көтеруге қойылып отырған талап осыған жақындап қалған сияқты.

Сая Манарбековна

View Comments

  • Қайырлы күн, әдістеме бойынша сұрақтар тікелей аударылған, жаңылтпаш сияқты жүз рет оқысаңыз да мағынасын түсіру қиын. Сұрақтар көпше түрде қойылған, бірақ жауап нұсқасы біреу ғана. Сол тесттерді ұсынып отырған адамдар өздері сол сұрақтарға жауап бере алар ма екен...

  • Мен сарапшыға тапсырып тұрып модкрвтлрдың балын жинадым . Кезегім келіп өтіп отырмын. Бұрынғы бірінші категоридағы мұғаліммін. Мені енді педагогқа түсіріп тастайды ма или модератормен жүремін бе? Және модератор болсам ақшасы төлене ме модератордың?

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

3 дня ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

3 дня ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

4 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

4 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

4 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

6 дней ago