«Бәрі — өтірік». Jah Khalib концерттерін өткізбеу туралы айтылған мәлімдемеге үн қатты

Ресейде қазақстандық рэпер Jah Khalib (Бахтияр Мамедов) Мәскеу мен Санкт-Петербургтегі концерттерін тоқтату ұсынылған болатын. Әнші осы жағдайға қатысты пікір білдірді.

Бұған дейін Мемлекеттік дума депутаттары Яна Лантратова мен Виталий Милонов әншінің әлеуметтік желідегі жазбасынан мысал келтіріп, «Украина қарулы күштерін ашық қолдағаны» үшін оның концерттерін өткізбеуге шақырған болатын. Ал рэпердің сөзінше, кейінгі кезде дау туғызған бұл жазбасы бір жыл бұрын жазылған.

«Діттеген жердеміз. Киевтеміз. Аман-сау, дүрбелең туғызған жоқпыз. Біз ешқайда бармаймыз. Украиналықтар, сіздерді енді тек жақсы көрмеймін, таңданамын», — деген екен ол.

Рэпер қазір Қазақстанда тұратынын әрі Ресейге қатысты жаман ниеті жоқ екенін айтты.

«Кейінгі күндері мен туралы оқығандарыңыздың бәрі — өтірік. Менің дау туғызған сторисім бір жыл бұрын жарияланды. Бұл қиын сәтте өз бастарын қатерге тігіп, менің және жүктіліктің сегізінші айындағы әйелімнің бомбадан қорғанатын жерден эвакуациялануымызға, Қазақстанға аман-есен жетуімізге көмектескен Украинадағы қарапайым адамдарға арналған ризашылық сторисі болды. Аллаға шүкір, дені сау қызым дүниеге келді. Бір жыл уақыт бойы туған қалам Алматыда тұрып жатырмыз. Менің барлық командам — Ресей азаматтары, Ресейде тұрады. Менің тыңдарманымның көп бөлігі Ресейде тұрады. Мен жақсы көңілмен әрқашан Ресейге барып тұрамын, қуана-қуана концерттер беремін, сұхбаттарға барамын, радиостанцияларға шығамын. Бұл менің Ресей халқына деген  жақсы қарым-қатынасымды көрсетеді», — деп жазған әнші.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago