Ауғанстандағы апиын көкнәрі егістігінің көлемі өткен жылмен салыстырғанда 32%-ке артқан. Алқап жалпы 233 000 гектарға жеткен. Бұл туралы БҰҰ-ның есірткі және қылмыспен күрес агенттігі баяндамасында мәлімдеді.
Құжатта 2022 жылғы сәуірде «Талибан» қозғалысы билікке келген соң елде көкнәр және басқа да есірткі жасауға қолданатын өсімдік түрлерін өсіруге тыйым салған. Сол кезде апиын күрт қымбаттап, апиын көкнәрін өсіретін шаруалардың табысы үш есе артқан. 2021 жылы шаруалар табысы 425 миллион доллар, ал 2022 жылы 1,4 миллиард доллар болған.
Азаттықтың хабарлауынша, тәліптер үкіметіндегі ішкі істер министрлігінің өкілі Абдул Нафи Такур БҰҰ басқармасының апиын алқабы ұлғайды деген мәліметін жоққа шығарып отыр.
Есірткі өндіру мен сатуға тыйым салынды. Ауғанстанда көкнәрдің бір түбі де отырғызылмады, онымен айналысуға ешкімге рұқсат берілмеді,
деді Абдул Нафи Такур осы аптада Азат Еуропа/Азаттық радиосына.
Былтыр тамызда тәліптер ауған билігін басып алғаннан кейін бірнеше айдан соң БҰҰ-ның Есірткі және қылмыспен күрес агенттігі (UNODC) Ауғанстанда заңсыз апиын өндірісі 2020 жылмен салыстырғанда 8%-ке ұлғайғанын мәлімдеген.