Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) өкілдері Twitter басшылығы ауысқалы бері желіде африкалықтарға қарсы өшпенділік тілі жиі қолданылатынын, олардың құқығы бұзылатынын мәлімдеді.
Аталмыш мәселені көтерген өтінішке БҰҰ-ның адам құқықтары саласындағы ондаған тәуелсіз сарапшылары қол қойды. АҚШ-тағы Ратгерс университетінің зерттеу институтының мәліметінше, Twitter иесін ауыстырғаннан кейінгі алғашқы 12 сағатта онда африкалықтарды алалайтын сөздер бес есе өскен.
Африкалықтарға қарсы өшпенділік тілі алаңдаушылық туғызып отыр,
дейді БҰҰ өкілі.
Олар медиакорпорация басшылығын бұл мәселені шешу үшін дереу шара қолдануға шақырды.