Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Шолу > Шетел басылымына шолу > Бақылаудан шыққан Қазақстан: Оған кім көмектесіп жатыр? 1 тамыз
Шетел басылымына шолу

Бақылаудан шыққан Қазақстан: Оған кім көмектесіп жатыр? 1 тамыз

Сая Манарбековна
Сая Манарбековна 01.08.2022
Обновлено 01.08.2022 в 05:08
Поделиться
Фото: ortcom.kz
Поделиться

Әлемдік БАҚ Украинадағы соғыстың қыр-сырын зеттеп, әр мемлекеттің ұстанымын қадағалап отыр. Ал Қазақстанға қатысты саяси және экономикалық көзқарас қалай екен…

Мазмұны
Қазақстан ЕО және АҚШ-пен тығыз байланыс орнатуға ұмтылысының себебіҚазақстанмен соттасуЕл басшысы Путиннің көлеңкесінен шыққанын дәлелдедіАмерикандық өтірік фабрикасы

Қазақстан ЕО және АҚШ-пен тығыз байланыс орнатуға ұмтылысының себебі

Global Village Space басылымының мәліметінше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейді айналып өтетін балама трансконтиненталдық дәліздерді дамытуға Еуроодақ қол ұшын созады деп үміттенеді. ЕО мен ҚР арасындағы келіссөздер Еуропаның Орталық Азияға қызығушылығын көрсетеді. Яғни, аймақтың Ресейге тәуелділігін азайтуға және Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» бастамасына жауап ретінде.

Вашингтондағы саяси шешім қабылдаушылар Ресейдің ықпалына қарсы тұрудың және Путиннің өмірін қиындатудың жолдарын іздеуде. Олар Қазақстанның Мәскеу бақылауындағы құбырларға тәуелділігін азайтуға, экономикасын реформалауға және Қытайдың да, Ресейдің де ықпалын шектеу үшін аймақтағы басқа елдермен үйлестіруге көмектесіп отыр. Бұл жақсы бастама,

бұл туралы Wall Street Journal шолушысы Уолтер Мид мәлімдеді.

Бірақ қазіргі Қазақстан-Ресей қарым-қатынасындағы шиеленістің өзі елдің Ресейдің демеушілігімен әскери ойындарға қатысуын тоқтатқан жоқ.

Владимир Путин Ресей әскери контингенті орналасқан Тәжікстанға және Түркіменстандағы Каспий саммитіне бару арқылы аймақты назарында ұстайтынын білдірді.

Сірә, пікірталас алдағы айлар мен күндерде жалғасын табатын сияқты. Мәскеу өз бақылауындағы мұнай құбырларын, үгіт-насихат аппаратын және Қытаймен байланысын Қазақстанды басқару үшін пайдаланады. Ал Қазақстан ішкі саясатта ұлтшылдық бағытты ұстанып, батыспен тығыз қарым-қатынас орнатуға талпынады,

деді саясаттанушы, әрі Ресей және Орталық Азия бойынша сарапшы Пол Глоб.

Қазақстанмен соттасу

Eureporter 2022 жылдың 9 шілдесінде Америкалық арбитраж қауымдастығының ережелері бойынша жұмыс істейтін іскерлік дауларды шешу жөніндегі халықаралық орталық Litco LLC компаниясының Қазақстанға қарсы талаптарын қанағаттандырудан бас тартты деп жазады.

Арбитраждық талапты 2019 жылы АҚШ заңы бойынша екі рет сотталған Феликс Сатерге тиесілі Litco LLC компаниясы берген. Оны Мұхтар Әблязов, Ілияс Храпунов және олардың сыбайластарына көмек көрсетті деген күдікпен тергеу жұмыстары жүргізілуде.  Процесс әлі де жалғасуда.

Кейінірек 2022 жылы АҚШ билігі БТА банкінен ұрланған шамамен 70 млн долларын АҚШ-қа инвестициялаған Triadou SPV S.A.-ға қарсы тыңдалаур өткізіліп, шаралар қабылданады деп күтіліп отыр.

Ел басшысы Путиннің көлеңкесінен шыққанын дәлелдеді

Қазақстан Президенті әлемнің назарын өзіне аудара біледі… Бүгін ол Путиннің бақылауынан толық шыққанын дәлелдеді,  деп жазады EMPR.media.

Тоқаев Ресей президентінің көзінше ЛДХР-ді мойындамауы  ашық күнде түскен найзағайдай болды. Бұған дейін бұрынғы кеңестік республикалардың ешбір басшысы мұндай батылдыққа жол бермеген. Осыдан кейін Қазақстан ЕО мен АҚШ-тың Ресейге қарсы санкцияларына қосылды. Кейін Тоқаев Ердоғанмен үстел теннисін ойнады. Бұл Қазақстанға айтарлықтай оң нәтиже әкелді: Қазақстан мен Түркия арасында бірқатар ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылды. Сонымен қатар, Қазақстанда «Байрактар» жауынгерлік ұшқышсыз ұшақтарды шығару туралы келісімге қол жеткізілді. Сондай-ақ, Қазақстан басшысы еліміздің қарулы күштерін сенімді түрде реформалауда.

Жоғарыда аталған оқиғалар тізбегінің қорытынды ретінде Тоқаевтің Сауд Арабиясына сапарын айтуға болады. Оның барысында Президент шағын қажылық жасап,  Меккенің киелі орны– Қағбаның ішіне кіру мәртебесіне ие болды. Ол ерекше жағдайларда есігі мәртебелі қонақтар үшін ашылады.

Қазақстан Президенті әлемдегі таңдаулы мұсылмандардың ең дәрежесі биік клубына енді.

Американдық өтірік фабрикасы

Бұл американдық публицист, ЦРУ-ның запастағы офицері Филип Гиралдидің сөзінің негізгі тақырыбы, деп жазады Trending Town. Ол 23 шілдеде Нью-Йоркте бейбітшілік пен бостандық үшін басқосуда сөз сөйледі.

Біріншіден. Менің ойымша, америкалық сыртқы саясаттың негізінде жатқан анархия туралы шын мәнінде куәландыратын бірнеше нәрсе бар. Менің бүгінгі ең бірінші және ең маңызды сенімім: Біздің азаматтар Байденге дауыс берді дегенге сенбеймін, өйткені олар мемлекеттің Ресеймен қажетсіз қақтығыстың болғанын қаламады. Бұл жанжалдың соңы ядролық соғысқа ұласуы өте оңай. Жақында Байден АҚШ Украинаны «біз жеңгенше» қолдайтынын айтты.

Украинаға құны ондаған миллиард доллар тұратын қару-жарақ пен оқ-дәрілер АҚШ-тан жеткізіліп отыр. Ол жерде  америкалық кәсіби әскерилер жұмыс атқаруда, оның барлығы ресей және америка сарбаздарының өзара соғысына айналуы мүмкін. Сербия президенті мен Пэт Бьюкенан немесе Талси Габбард сияқты әйгілі америкалық шолушылар үшінші дүниежүзілік соғыстың басталып кеткеніне сенімді.

Екіншіден. Орыстар АҚШ пен оның одақтастарына ақылға қонымды ұсыныс жасады. Өздерінің қауіпсіздігін алға тартып, олардың шекараларында шетелдік күш орталықтарының тікелей әскери орталықтары барын еске салды. Ресейдің талқылауға шығарған мәселелері келіссөздік сипатта болды, бірақ АҚШ тарапынан ешқандай әрекет жасалмады, осы кезде Ресей әскери күшке жүгіну қажеттелігін бірден пайдаланды. Мен кез келген әскери басып кіруге қарсымын, бірақ Украинадағы жағдайдың  жауапкершілігі Вашингтонға жүктеледі.  

Үшіншіден. Мен АҚШ пен Ұлыбритания үкіметтері Украина мен Ресей қақтығысына қолдау білдіру мақсатында өз халқына өтірік сөйлейтініне сенімдімін.  Бұл өтірік соғыстың жалпы барысына қатысты, сондай-ақ олар Путин мен барлық орыс халқын тамақтарынан, сусындарынан, тілінен, мәдениетінен, тіпті спортшыларына дейін айыруды көздейді. Канада концерті өткізілмеген  марқұм Чайковский — ең соңғы құрбан болған ресейлік.

Сондай-ақ менің ойымша, Ресей бұл соғысты шеберлікпен жеңіп келе жатыр, ал Украина өз территориясының бір бөлігін беруге мәжбүр болады. Бұл ретте американдық салық төлеушілер саяси шығындардың ауыртпалығын көтеріп отыр, бұл қазіргі уақытта шамамен 60 миллиард долларды құрайды. Бұнымен қоса инфляция өршіп, электр көзінің тұрақсыздығы келе жатыр. Ақ үй өзінің сыртқы саясатын «жаһандық көшбасшылық» және «ережелерге негізделген халықаралық тәртіп құру» ретінде екіжүзділікпен көрсетеді.

Жақында Байден әкімшілігі Ауғанстандағы соғыста өзінің 20-жылдық беделін қысқарту мақсатында жасаған әрекеті сәтсіз аяқталды. Ауғанстанда ештеңе үйренбеген америкалық әскерлер қазір Сирия мен Иракта заңсыз жүр. Сирия да, Иран да, Ирак та АҚШ-қа ешқашан қауіп төндірмеді. 2014 жылы Киевте Мәскеуді қолдайтын биліктің Вашингтонның бастамасымен ауысуына дейін ресейліктер АҚШ-қа да қауіп төндірмеген еді.

Біз американдықтар үкіметіміз бен БАҚ жариялайтын жалған ақпаратпен қоректеніп келеміз. Шындық пен жалғанды қалай анықтау керектігімен бөлісейін.  Беттің төменгі жағындағы сілтемелерді іздеңіз. Егер қандай да бір күмән тудырмайтын, шынайы ақпаратты тарататын есім аталса, мұндай басылымда шындықтың бар екеніне сенуге болады. Әдетте, американдықтарға бұл ақпарат «анонимді дереккөзден» немесе «беделді үкімет дереккөзінен» алынғанын айтады. Мұндай ақпарат жалған жаңалықтар шығаратын зауытта немесе фермада өндіріледі.  Егер соғыс жайлы ақпараттың авторы өзін майдан фронтындамын деп мәлімдесе, бұның шындығын анықтап алу керек, мүмкін автор Польшада жатқан шығар.

Yahoo News үгіт-насихатты тарату бойынша жеңімпаз. Ол Украина үкіметінің пресс-релиздерін жариялап, сол жерде болған оқиғаларды тәуелсіз және бейтарап үлгіде жазады.

Жалғанды ​​шынайы етіп көрсетудің тағы бір жолы – оны үшінші ел арқылы тарату. Мен Түркияда жұмыс істеген кезімде біз, црушниктер, Түркия туралы материалдарымызды елдің өзінде бірде-бір рет жариялаған емеспіз. Парижде жалақы алатын журналистіміз бар еді, ол жазған материалды түркітер бірден өздеріне тартып алды. Себебі олар француз журналистикасына сенеді. Бүгін мен британдық БАҚ-та, атап айтқанда The Telegraph және The Guardian беттерінде Ми-6 барлау қызметінің қолтаңбасын байқадым, одан әрі қарай бұл жазылымдарды америкалық БАҚ жалғастырады.

Теледидар мен радио ешқашан өз жаңалықтарының дереккөздеріне сілтеме жасмағандықтан, оларға сенуге тіпті болмайды. Менің сіздерге кеңесім – соғыс туралы ақпаратты жазатын басылымдарға шын сенбеңіздер.

ТЕГи: Главное, Трендте
Сая Манарбековна 01.08.2022
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?