Бақытжан Сағынтаев Еуро-Азия ынтымақтастығы Қаржы-іскерлік қауымдастығы бақылау кеңесі төрағасы болды. Бұл туралы қауымдастық сайты хабарлады.
10 тамызда Еуро-Азия ынтымақтастығы Қаржы-іскерлік қауымдастығының (ЕАЫ ҚІҚ) кезектен тыс жалпы жиналысы шешімі бойынша Экономика және қаржы саясаты министрі Бақытжан Сағынтаев қауымдастықтың Бақылау кеңесі төрағасы болып сайланды.
Оған қоса, жалпы жиналыс жұмысы кезінде қауымдастық президенті болып SLC-Rus негізін қалаушы Ли Шобин (Қытай) сайланды.
Еуро-Азия ынтымақтастығы Қаржы-іскерлік қауымдастығы — Еуразияның 26 елдегі кәсіпкерлердің, коммерциялық ұйымдар мен банктердің, қоғамдық және ғылыми-өндірістік бірлестіктердің қаржылық, банк және іскерлік одақтарын біріктіретін қоғамдық үкіметтік емес ұйым.
Қауымдастық жұмсының мақсаты мынадай:
- өз мүшелерінің құқығы мен заңды мүддесін білдіру және қорғау, олардың қызметінің тиімділігін арттыру үшін консультативтік, әдістемелік және басқа да көмек беру;
- қаржылық, банк және кәсіпкерлік қызмет бірлестігінің мүшелерін қызықтыратын мәселелер бойынша бірлескен шешім әзірлеу;
- мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдарға Еуразия елдерінің іскерлік қоғамдастықтары шоғырланған ұстанымын қалыптастыру және ұсыну;
- Еуразия елдерінің кәсіпкерлері арасында тиімді қаржылық-банктік, сауда-экономикалық, өндірістік, ғылыми-техникалық және инвестициялық ынтымақтастық үшін жағдай жасауға жәрдемдесу.
Бақытжан Сағынтаев — Алматы қаласының бұрынғы әкімі. Бұған дейін Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының мүшесі (министр) болып тағайындалған еді.