Шетел басылымына шолу

БАҚ: Өзбекстанда Jah Khalib-тің концертінде адамдар кептеліп қалған

Кеше Ташкентте рэпер Jah Khalib-тің концерті өтті. Бірақ көптеген жанкүйерді ішке кіре алмай, салдарынан төбелес шыққан. Қазір оқиғаның мән-жайын тәртіп сақшылары зерттеп жатыр, деп хабарлайды Gazeta.uz.

Өзбекстандық басылымның Instagram парақшасында хабарлауынша, Ташкентте өткен Jah Khalib концертіне мыңдаған адам кіре алмады.

Олар әлеуметтік желілерде билеті барларды да кіргізбегенін жазды. Нәтижесінде Humo Arena маңында қазақстандық рэпер жанкүйерлеріне наразы топ жиналды. Кейіннен жағдай ушығып, төбелес пен тәртіпсіздікке ұласты,

делінген хабарламада.

Сонымен бірге Өзбекстан Ұлттық гвардиясы тәртіпсіздік жасағандар тез арада аренадан қауіпсіз жерге шығарылып, ешкім зардап шекпегенін мәлімдеді.

Қазіргі уақытта ведомство оқиғаны зерттеп жатқанын хабарлады. Олар алдағы уақытта тексеру нәтижесін хабарлауға уәде берген.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

1 день ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

1 день ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

1 день ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

1 день ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

1 день ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

2 дня ago