Бай бизнесмендер әлеуметтік жауапкершіліктен қашып жүр – Тоқаев

Тоқаев елдегі бай-бағландарға ескерту жасады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бай бизнесмендерді әлеуметтік салаға инвестиция салуға, қоғамдық маңызы бар жобаларды дамытуға үнемі шақыратынын, алайда жауап ретінде кейде түсініксіз сылтауларды еститінін айтты.

Олар қоғамнан алшақ болып, елдегі өмірді жақсартуға белсенді қатысуға ынтасы жоқ сияқты. Бай бизнесмендер әлеуметтік жауапкершіліктен қашқандай болып көрінеді. Мұндай ұстаным түрлі сұрақ тудырады. Біз қорытынды жасаймыз,

деді Президент.

Оның айтуынша, басқа елдердегі ауқатты адамдар тек ішкі проблемаларды шешуге ғана емес, сонымен қатар өздерінің бизнестегі байланыстарын пайдалана отырып, шетелде ұлттық мүдделерді ілгерілетуге жәрдемдеседі.

Біздің елімізге белсенді азаматтық патриотизм қажет. «Менің оған қатысым жоқ, шетте боламын» деген қағидатпен өмір сүріп, айналада болып жатқан нәрсеге араласпай қоюға болмайды,

деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago