Джо Байден қайтадан коронавирус жұқтырып, тағы карантинге жатқызылды.
21 шілдеде оның ауырып жатқаны белгілі болып, дерттен жазылған болатын. Бірақ төртінші рет тапсырған ПТР-тесті оң нәтиже берді, деп жазады The New York Times. Басылым шолушыларының пікірінше Ақ үй басшысының қайта-қайта көзге түсуі 79 жастағы саясаткердің қызметіне нұсқан келтіреді.
Байденнің оқшаулануы өлім санының азайғанына қарамастан, АҚШ-тағы пандемияның әлі де жойылмағанын білдіреді, делінген басылымда.
Ақ үй басшысы онда аурудың сыртқы белгілері жоқтығын және оқшаулануға қауіпсіздік мақсатында шешім қабылдағанын айтады. Жоспарланған 2 сапар кейінге шегерілді.