Categories: Қоғам

Байланыс операторлары бағаны шарықтатты

Дұрыстап тексеріп, бағаларын түсіріп, тұрақтатып тастаса жақсы болушы еді. Әйтпесе, шарықтап бара жатыр. Түсінеміз, егер байланыс мықты болып, интернет зуылдап тұрса. Көп жерде нашар ғой шыны керек.

Барлықтарыңызға байланыс операторларынан тариф құнының көтерілуі жөнінде хат келді ме?

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі қазақстандықтардың ұялы байланыс операторларының тарифтерді көтеруіне қатысты шағымдарынан кейін тексеру жүргізуді бастады.

Байланыс операторларының тарифтерді өсіру туралы хабарламасы бойынша қазір агенттік құзыреті шеңберінде тиісті жұмыс жүріп жатыр.

Тұтынушылардың шағымдары алынды, олардың негізінде сұраныстар жіберілді, бағаларға мониторинг жүргізіле бастады. Бұл ретте агенттік монополияға қарсы заңнаманы бұзу белгілері болған кезде бағаны көтерудің негізділігін тексеру барысында ғана белгілей алады,

делінген хабарламада.

Ақпаратта айтылғандай, тарифтер негізсіз көтерілген болса, заң бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 159-бабына сәйкес субъектілер өз үстемдігін пайдаланып, жоғары баға белгілеп, оны ұстап тұру жағдайы анықталса, айыппұл қарастырылады. Заң талабына сәйкес монополиялық әдіспен табылған жыл ішіндегі кірістердің бес пайызы тәркіленеді.

Айта кетсек, 2022 жылы өзінің міндеттемесіне сай сапалы қызмет көрсетпеген ұялы байланыс операторларына 3,4 млрд теңге айыппұл салынған еді.

Соған қарағанда, сол өздеріне салынған айыппұлдарын тарифтерді көтеріп, қайтарып алғысы келіп жатқан сияқты,

деп жазды Dauletten парақшасы.
Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago