Соңғы күндері Балқаш көлінің жағасында бірнеше өрт болды. Ірі өрттердің бірі Балқаш қаласының маңында, көлдің оңтүстігінде болды. Өрт ошағы Балқаштың оңтүстігіндегі ең жақын елдімекендерден 100 шақырымдай жерде орналасқан.
«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, аймақтағы алғашқы өрт нүктесі 21 маусымында сағат 21:33-те тіркелген.
Қазіргі уақытта өртенген аумақтың ауданы шамамен 8,5-9 мың гектарды құрайды.
25 маусымда таңертең солтүстіктен соққан жел 3 м/с құрады, ауа температурасы 23 градус болып тұрС. Сондай-ақ Балқаш жағалауындағы Жетісу облысының Қаратал ауданы аумағында тағы 2 өрт шықты.
Айта кету керек, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ кеңістіктік ақпарат департаментінің қызметкерлері облыстардағы ТЖМ және ТЖД-мен тұрақты байланыста болып, отандық және шетелдік серіктестердің Planet сияқты жер серіктері көмегімен қажетті ақпаратпен қамтамасыз етіп отыр.
Биылдың өзінде елімізде 1800-ден астам орман және дала өрті тіркелген.
