Қоғам

Бала зорлағандарды өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы ұсынылды

Қазақстанның бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заңнамаға енгізілетін түзетулерді Мәжіліске ұсынбақ, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Оның айтуынша, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы заң жобасы мемлекеттік органдармен және Парламент депутаттарымен бірлесіп әзірленіп, Бас прокуратурада өткен ведомствоаралық кеңесте ұсынылған.

Ұсынылатын өзгерістер қатарында баланы зорлағаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру және тергеуге дейін уақытша қамауға алу сияқты шаралар бар.

Уәкіл қазіргі кезде заңнамада балаларға қатысты зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті реттейтін жеке баптардың жоқ екенін айтты.

Сондықтан ол физикалық зорлық-зомбылық пен қатыгездіктің кез келген түрі үшін жазаны күшейтетін «Кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық» деп аталатын жаңа бап енгізу ұсынылады. Ұсынылып отырған өзгерістерге сәйкес, мұндай қылмыстар үшін тараптардың татуласуын болдырмау керек. Яғни, ҚР Қылмыстық кодексінің 106, 107, 110, 140-баптарында көзделген бас бостандығын шектеуді (тек бас бостандығынан айыру керек) жою арқылы жазаны қатаңдату және жауаптан бұлтарып кетпеуді қамтамасыз ету керек.

Сондай-ақ заң жобасында балаларға жыныстық зорлық-зомбылық көрсетуге қатысты жаңа бап енгізу туралы өзгерістер бар.

Бұл бап ҚР ҚК-нің 121-1 нөміріне ие болады және кінәлілерге пробациялық бақылауды көздейтін болады. Балалардың жыныстық қол сұғылмауына қарсы қылмыстар (ҚР ҚК 120-бабы) бойынша өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады.

Сонымен қатар сотқа дейінгі тергеу барысында балаларға қарсы қылмыс жасағандар қамауда отыруы тиіс. Уәкілдің айтуынша, бұл күдіктінің жәбірленушіге қауіп төндірмеуі үшін қажет.

Зәкиева ұсынған тағы бір маңызды өзгеріс – балалар мекемелерін тексеруге қойылған мораторийдің алынып тасталуы.

Соңғы уақытта балалармен жұмыс істейтін ұйымдарда зорлық-зомбылық жағдайларының көбейгені дәлелденді. Сондықтан ол тыйымды алып тастап қана қоймай, балалармен жұмыс істейтін барлық ұйымдарды міндетті лицензиялауды енгізу ұсынылады.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

1 месяц ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

5 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

11 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

11 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

11 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago