Categories: Денсаулық

5 мың теңгелік дәріні тұтынып арықтауға бола ма?

Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік тыйым салған дәрінің жарнамасы жер жарады. Оны тіпті дәріхана сөрелерінен оп-оңай алуға болады. Биологиялық белсенді қоспа бұрын Қазақстанда да тіркелген. Бірақ 2021 жылы стандартқа сай емес екені анықталып, тіркеу күші жойылды. Десе де, бұл препаратты іздеген адам желіден оп-оңай тауып алады. Жеке тұлғалар оны емін-еркін саудалап жүр.

Салмақ тастататын дәрі-дәрмектердің пайдасынан зияны көп дейді дәрігерлер. Адамның қан қысымы көтеріліп, миға қан құйылады. Жүрек ұстамасы мен қалқанша безінде қиындықтар пайда болуы мүмкін. Тіпті өліп кетуі де ғажап емес.

Адам өзі ойлану керек қой, 5 мың теңгелік дәріні тұтынып, қалай азуға болады? Зиян екенін бағасына қарап та білуге болады. Мықты дәрі болса, ондай бағада сатылмас еді. Оның денсаулыққа зиян екенін көп әйелдер ескермейді. Оңай жолды таңдайды, бірақ түбінде ауруға айналады. Осы дәрілерді ішіп қаншама адам өліп жатыр,

дейді дәрігер Жанель Ілияс.

Дәрігерлер арықтаудың ең тиімді әрі қауіпсіз жолы дұрыс тамақтану екенін айтады. Қауіпті препараттар артық салмақтан арылуға көмектеспейтінін ескертті.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

1 день ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

2 дня ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

3 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

3 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

3 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

5 дней ago