Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Оқиға > Балабақша қызметкері зорлаған балалар саны көп болуы мүмкін
Оқиға

Балабақша қызметкері зорлаған балалар саны көп болуы мүмкін

Сая Манарбековна
Сая Манарбековна 20.10.2023
Обновлено 20.10.2023 в 11:10
Поделиться
Фото: ашық дереккөзден
Поделиться

Түркістан облысында сұмдық жағдай болған. Шәуілдір ауылындағы балабақша күзетшісі 2 және 4-сыныпта оқитын қыздарды зорлап келген деген күдіке ілінді, деп хабарлайды КТК.

Қамауға алынған 33 жастағы тұрғын азғындық жасағанын мойындап отыр. Облыстық полиция департаменті зорланған қыз саны үшеу екенін айтады. Ал ауыл жұрты педофилдің отбасы көшіп кетуін талап етіп жатыр.

Шәуілдір жұрты үш күннен бері есеңгіреп жүр. Ауылдың 33 жастағы тұрғыны педофил деген күдікпен қамауға алынған. 2 және 4-сыныпта оқитын көрші қыздарды үйіне ойнауға шақыратын азғын олармен білгенін істеп келіпті. Оны қыздардың бірі анасына айтып, артынша өзге балақайлар растаған соң, ол дереу ұсталыпты.

Киімін шешкен, іш киімдерін шешкен. Сипалаған. Сондай жағдайлар болған. Маман ретінде, жыныстық байланыс дейді, сондай ниеті болған дейміз, ол көзге көрініп тұр. «Мамаңа айтсаң, таяқ жейсің, папаңа айтсаң, үйтемін-бүйтемін» деп қорқытқан. Содан кейін ақша берген. Мың теңгеден берген,

дейді акушер-гинеколог Гүлнұр Сайдубекова.

Бір мәрте үйленіп ажырасқан күдіктінің ұлы бар екен. Анасы, ағасы мен жеңгесімен бір аулада тұратын ол, бөлек кішкентай кепеде тұрыпты. Көрші қыздар үйіне ойнауға жиі келетінін туыстары да мойындап отыр. Бірақ мұндай азғындыққа барғанына ешкім сенбейді. Соңғы үш жыл балабақшада күзетші болып жұмыс істеген жігіттің айуандыққа барғанына ұжымдастары да сене алмай отыр.

Момын, өте момын. Қарапайым, айтқаныңды уақтылы орындайтын қызметкер. Жаман мінездеме бере алмаймыз. Ұжым сенбейді, әлі де сенбейді. Сенбейміз. Өйткені, айтып тұрмын ғой, көз алдымызда жүрген бала. Бірге қызмет істеген соң, артық қылығы болса, байқалар еді деп ойлаймыз,

деді балабақша меңгерушісі Жұлдыз Қинатова.

Қазір азғынның есік алдында тәртіп сақшыларынан күзет қойылған. Үш күннен бері мәслихат құрып жатқан ауылдастары күдіктінің отбасына ауылдан кету туралы шарт қойыпты. Қашан кететіні ертең шешіледі деп отыр.

Бір құмалақ үшін 4-5 әулет адамгершілік қып, мына жерден көшіп кетейін деп жатыр,

дейді тұрғындар.

Күдікті қазір Отырар ауданы полиция басқармасының абақтысында тергеліп жатыр. Үш қызға азғындық жасағанын мойындапты. Резонанс іс болған соң, тергеуді облыс департаментінен келген арнайы тергеушілер жүргізіп жатыр.

Түркістан облысы ПД бастығының тапсырмасымен әйел тергеушілерден тұратын тергеу тобы құрылып, қажетті ісшаралар жүргізілуде. Қылмыстық кодекстің 120-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, бірқатар тиісті сараптама тағайындалды,

деді Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары Асылжан Қалдарбеков.

Қазір зорлық көрген қыздар және олардың ата-аналарымен психологтар тобы жұмыс істеп жатыр. Жәбір көрген жеткіншектерге қосымша сот-медициналық сараптама тағайындалды. Жәбір көргендер саны бұдан да көп болуы мүмкін. Оны полиция анықтап жатыр.

ТЕГи: Қазақстан
Сая Манарбековна 20.10.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?