Балалар ата-анасына қатысты проблемасын Telegram-ботқа жазып жүр

Оқу жылының басынан бері «Bala qorgau» Telegram-ботына 100-ден астам өтініш түсті. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.

Оқу жылы басынан бері Qorgau» Telegram-ботына 100-ден астам өтініш түсті.

Өтініштердің басым бөлігі балалардан келген. Балалар көбіне ата-анасымен қарым-қатынасқа қатысты пробелмасын айтады. Өтініш бергендердің барлығына қажет педагогикалық және психологиялық көмек берілді. Жоба іске қосылғалы бері 4 ай ішінде 600-ден астам өтініш қаралды.

«Bala Qorgau» жобасына  келіп түскен өтініштерді шартты түрде үш санатқа бөлуге болады. Олар — отбасындағы ата-ана мен бала арасындағы түсініспеушілік, мектептегі құрдастар арасындағы жанжал және мұғалімдер мен балалар арасындағы жанжал. Болашақта проблемаларға әкелетін қақтығыстардың көпшілігін балалардың психологиясын түсіну арқылы болдырмауға немесе шешуге болады. Баланың эмоционал саулығы үшін жауапкершілік ең әуелі ересектерге, яғни ата-аналар мен мұғалімдерге жүктеледі,

деді Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Элина Паули.

Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Балалар жылы аясында балалар мен ересектерге психологиялық көмек көрсетуге арналған «Bala Qorgau» интернет-ресурсын іске қосқан еді. Қазір мектептерде QR-коды және «Bala Qorgau» сайтының (https://bala.gov.kz) мекенжайы жазылған арнайы белгілер орнатылып жатыр.

QR-кодын сканерлеу арқылы оқушылар «Bala Qorgau» сайтына өтіп, сұрақтарын қоя алады. Оқушылар мен ата-аналар да аноним түрде көмек сұрап, білім беру ұйымдарындағы заңсыз әрекеттер туралы хабарлай алады.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

11 часов ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

11 часов ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

12 часов ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

3 дня ago

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

4 дня ago

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

6 дней ago