Categories: Қоғам

Қостанайда қазақ азаматы далада қалған сегіз ресейлікті үйінде қонақ қылған

Бұл туралы Ресей азаматы Александр Корякин айтып берді. Ол да Ресейдегі мобилизациядан қашып, Қазақстанды паналатқандардың бірі. Ол өзінің 7 отандасымен Қостанайға келіп адасып қалған.

«Бізді Қазақстанда жақсы қарсы алды. Бұрын-соңды болмаған қаламыз болған соң Қостанайда көшеге шықтық та, адасып қалдық. Қайда барарымызды білмейміз, не қолма-қол ақшамыз жоқ, не ұялы телефоннан картаны аша алмаймыз. Поездге қайдан отырарымызды білмейміз. Сөйтіп тұрғанда көшеден бір ер адамды кездестіріп қалдық. Біз сегіз адам болғанбыз. Ол «Қайда барарларыңды білмей тұрсаңдар менің үйіме жүріңдер. Үйімде тұра тұрыңдар» деді»,

деп жазды Александр Корякин.

Дәлел ретінде Корякин суреттер жүктеген. Қазақ жігіт ресейліктерге жерге төсек салып берген.

«Релокация Казахстан» телеграм арнасында тағы бір риза ресейлік ананың хаты жарияланды. Айтуынша, ұлы соғысқа шақырудан қашып, екі күннен астам Ресей-Қазақстан шекарасында түнеген. Қалтасында бар-жоғы 20 мың рубльмен Қазақстанға аттанған. Қаныш есімді алматылық азамат әйелге чат арқылы көмектесіп, ұлына қай жерге баруын, қайда түнеп, не істеу керегін тәптіштеп айтып түсіндірген. Нәтижесінде ұлын Атырауда күтіп алып, біреу орналастырған, тамақтандырып, Алматыға билет алып берген. Қазір ұлы Алматыға жетіп, болашаққа жоспар құрып жатыр екен.

Бүгінде ода бәрі бар: тамағы, жататын орны, жаңа киімі, құжаттары, белгісіз, бірақ тамаша елде жақсы адамдардың ортасында, енді оның болашағы бар. Бастысы оның жүрегі сіздердің халқыңызға ашық, алғысқа толы.

Бір қазақ бір орысқа көмектессе алғысы оның бүкіл үрім-бұтағына дариды, генетикалық тұрғыда беріледі. Тектен текке өтеді. Мен солай сеземін. Мен қазақтардың алдында қарыздармын. Ұлымның өмірін сақтап қалғандарыңыз үшін иіліп рахметімді айтамын!

деп жазды ресейлік ана.

Белгілі болғандай, ұлы Қазақстанға кеткеннен кейін бірнеше күннен соң әскери комессариаттан іздеп жатқаны туралы хабарландыру келіпті. Әйел ұлының аман қалғанына қатты қуанып отыр.

Жалпы соңғы кездері қазақстандықтардың Ресей азаматтарын қуана қарсы алып, көп көмек көрсеткендері туралы көп айтылып, жазылып жүр. Ресейдің атақты журналисі Ксения Собчак Youtube арнасында «Мыңдаған ресейлікті Қазақстан қалай қарсы алып жатыр» деген бейнеролик жариялады. Сондай-ақ Ресейдің ең беделді блогерлерінің бірі Илья Варламов «Қазақстан: қазақстандықтар ресейлік босқындарға қалай көмектесті» деген видео арқылы Қазақстан халқына алғыс айтып, көптеген ресейліктің ризашылығын жеткізді.

Видеолардың астындағы пікірлерге де ресейліктер алғысын жаудырып жатыр.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Халықты оңтүстіктен солтүстікке қоныстандыруға бөлінген ақша ұрланды

Павлодар облысының прокуратурасы «Қуатты өңірлер - ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасын іске асыру аясында (азаматтарды оңтүстік аймақтардан…

21 час ago

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

Президентке Мәдениет және ақпарат министрлігінің атқарған жұмыстарының нәтижесі, сондай-ақ ведомствоның алдағы қызметі барысында қолданылатын перспективті…

2 дня ago

Қазақстанның Украинадағы елшілігі Нұрбай атаны құттықтады

Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери атташе кеңсесі офицерлерінің қатысуымен Ұлы Отан…

5 дней ago

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

2 недели ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

2 недели ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

2 недели ago