Categories: Денсаулық

Балалар газдалған сусыннан жаппай уланып жатыр

Желіде балалардың газдалған сусыннан жаппай уланып жатқаны туралы ақпарат тарады.

Хабарламада «Тархун» және «Ситро» газдалған сусындары ғана емес, сонымен қатар «M&M’S», «Milky way» шоколадтары, «Дюшес» және «Барбарис» кәмпиттері және басқа да бірқатар тағамдар қауіпті деп танылғаны айтылған.

Дегенмен Денсаулық сақтау министрлігі бұл мәліметті жоққа шығарды. 

ҚР ДСМ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті әлеуметтік желілерде таралған азық-түлік өнімдері туралы ақпарат фейк деп танылып, шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлайды. Сондықтан жалған ақпарат таратпауларыңызды сұраймыз, ресми ақпарат көздерінен алынған ақпаратты пайдалануға шақырамыз,

деп хабарлады ведомстводан.

Статистикаға сүйенсек, Қазақстанда 6-9 жас аралығындағы балалардың үштен бір бөлігі аптасына бір рет және одан да көп қант қосылған алкогольсіз сусындарды, ал 16,7% — ы күнделікті тұтынады.

Оларды тұтынудың ең басты қаупі – қанттың жоғары мөлшері. Қантты шамадан тыс тұтыну семіздік, қант диабеті және тіс кариесінің пайда болуына әсер етеді. Орташа алғанда, құрамында қант бар сусынның бір банкасында 40 грамм қант (шамамен 10 шай қасық асханалық қант) болуы мүмкін.

Кофеиннің үлкен дозасы жүректің ауыр проблемаларына әкеледі, ал оның көмірқышқыл газымен және қантпен үйлесуі асқазан мен бауыр үшін қауіпті. Тіпті сирек қолдану аритмия сияқты жүрек ауруларын тудыруы мүмкін.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago