Categories: Қоғам

Балалар семіздігімен күрес: Газдалған сусын бағасы өседі

Балалардың семіздігімен күресу үшін тәтті газдалған сусындардың бағасы көтерілмек.

Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник министрліктің газдалған сусынға арналған акциздерді қымбаттату мәселесін көтергенін айтады, деп жазды Адырна порталы.

Семіздік бойынша мәселе маңызды. Бұл сусындарда қант концентрациясы жоғары. Бұл балалардың денсаулығына әсер етіп, қант диабеті мен семіздіктің пайда болуына әкеп соғуы мүмкін.

Вице-министр оқушылар арасында көру қабілетіндегі ауытқулар жиі кездесетінін мәлімдеді. Екінші орында орталық жүйке жүйесіндегі ауытқулар, үшінші орында бүкірею тұр екен.

Одан бөлек, брифинг барысында Вячеслав Дудник оқушылардың 10 пайызы электронды темекі немесе вейп шегетінін айтты.

Оның үстіне 13-15 аралығында қыздар мен ұлдар арасында олардың үлесі арта түседі. Министрлік заңды жетілдіру бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago