Categories: Қоғам

Түркістанда 20 жыл бұрын мектеп бітірген түлектер мұқтаж отбасыға баспана сыйлады

Түркістан облысының Түлкібас ауданында осыдан 20 жыл бұрын мектеп бітірген түлектер мұқтаж отбасыға баспана сыйлады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Абай және Б.Садықов атындағы мектептерден түлеп ұшқан азаматтар бірігіп, мүмкіндігі шектеулі қыз тәрбиелеп отырған Кемелбековтер отбасына аудан орталығынан 6 бөлмелі, қорасы мен моншасы, сарайы бар баспана кілтін табыстады.

Оған қоса, түлектер ақша жинап, 8 млн 600 мың теңгеге үйге қажетті жиһаздар мен техникаларды сатып алып, үйдің ішін толықтай жабдықтап берді. Мүгедектігі бар отбасы осы кезге дейін жалдамалы пәтерде тұрып келген.

Іс-шара соңында дәстүр бойынша 2003 жылғы мектеп түлектері эстафетаны 2004 жылғы түлектерге жолдады.

Еске сала кетсек, Түлкібас ауданының Абай атындағы мектеп-лицейінің түлектері осыдан 6 жыл бұрын елімізде алғаш болып білім ордасын бітіргендеріне 20 жыл толған күні көпбалалы отбасыға үй сыйлаған болатын. Бұл игі дәстүр жалғасын тауып келеді.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago