Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Атақ және ақша > Баласының қазасынан кейін Әсел Асқарды күйеуі үйден қуып шыққан
Атақ және ақша

Баласының қазасынан кейін Әсел Асқарды күйеуі үйден қуып шыққан

Анара Бауыржанқызы
Анара Бауыржанқызы 27.01.2023
Обновлено 27.01.2023 в 10:01
Поделиться
Поделиться

Актриса Әсел Асқар бұрынғы күйеуі жайлы ашып айтты. Нәрестесі ауыр дерттен көз жұмған өнер иесі «MOM’sкий әңгіме» бағдарламасында жұбайымен ажырасуға не түрткі болғанын баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

«Мен одан ешқандай қолдау көрмедім. Бірақ ол туралы жаман сөз айта алмаймын және оған құқығым жоқ. Тіпті бұрынғы сүйіктісі жайлы теріс сөздер айтатын адамдарды ұнатпаймын. Өткен күндерде сіз ол адаммен бақытты ғұмыр кештіңіз. Мен өткенімді жауып, ол адамды кешіріп, жібере алатындай күш таптым.

Қарым-қатынасты тоқтатқан мен емес. Ол — Айбарыстың әкесі, осы үшін алғыс айтамын. Әйел адам бастан кешетін ең ауыр сәттерде ол қатігездік жасады. Мен ол туралы емес, оның әрекеттері туралы айтқым келеді. Өзім үшін оны ақтап алғым келді. Алайда сені ер адам қырық күнге дейін (баласы шетінегеннен кейін — ред.) шай дайындай алмағаның үшін, үнемі жылағаның үшін ұрысып, «жылай беріп, шаршаттың» дегені қатігездік сияқты. Бұл баланың жаназасынан кейінгі 40 күн өтпей жатып болған оқиға. Бұл екі адамға ортақ, орны толмас қайғы. Ол «Баламды дүние әкелді. Оған оңай емес шығар» деудің орнына, «Жылағаның жетеді» дегені өте қиын болды. Әйелге баласынан айырылудан асқан қиындық жоқ. Менің қатты көңілім қалды.

Менің айналамда баласынан айырылған бір әйел бар. Мен оның күйеуінің әйелімен бірге қайғысын қалай бөліскенін көрдім. Ол жұмысын тастап, басқа балаларының жағдайын жасайды. Солай әйелін жұмысқа жіберді. Ал өзі түнімен такси болып жұмыс істейді. Себебі, ол әйелін жоғалтып алудан қорқады. Мен «Осылай да болады екен ғой. Осылай қолдау көрсете алатын адам болады екен ғой» деп ойладым. Мен көп нәрсе сұрамадым ғой… Бұл ажырасудың бір ғана себебі емес…», — деді Әсел Асқар.

Сонымен қатар актриса бұрынғы жұбайының қалыпқа келе бастағанда, қайта байланысқа шыға бастағанын айтты.

«Бәрін ақтап алуға болады, қарым-қатынасты сақтауға тырысуға болады. Мен қайта қалыпқа келе бастағанда, ол қайта хабарласа бастады. Алайда мен тұтқаны көтермеймін. Егер мен шешім қабылдасам, оны өзгерту мүмкін емес. Мен өте жақсы адаммын. Өзге біреуді барынша ақтап алуға тырысамын. Өзгенің жақсы екеніне сенуге тырысамын.

Біріншіден, бұл қарым-қатынасты мен тоқтатпадым. Ол менің үйден кетуімді қалады және сөмкемді тепті. «Сенің өте жағымсыз көрінесің» деді. Мен онымен мүлде байланыста емеспін. Ол басқа жолды таңдады. Менің таңдауым басқа. Маған «Сіздің күйеуіңізді көрдік» деп жазады. Алайда ол достарын, қыдыруды таңдады. Тіпті кездесуге де барады екен. Адам өз өмірін сүріп жатыр, мен ол үшін қуаныштымын.

Мені түн ортасында үйден қуып шыққан адамның менен не қалайтынын түсінбеймін кейде. Ал қайта қалыпқа келіп, қайта әдемі бола бастағаныңда хабарласа бастайды. Жазады, қорлайды. Бірақ мен жауап бермеймін. «Құдай осылай шешкен шығар. Сен кінәлісің. Сен үшін осы жағдай болды» дейді. Осындай қаза кезінде қолдауды анаңнан күтпейсің ғой.

Мен онымен бәрін талқылап, әңгімелескім келмейді. Бір он жылдан кейін көрісіп қалсақ, мүмкін әңгімелесе алармыз. Ал қазір біздің әңгімеміз эмоцияға толы болады. Мен қиын сәтті жеңіп шықтым, ары қарай ештеңе қорқынышты емес», — деді Әсел Асқар.

Естеріңізге сала кетейік, актриса әрі блогер Әсел Асқардың екінші баласы сегіз айында шетінеп кетті. Блогердің айтуынша, ұлы Айбарыс жүрек жеткіліксіздігімен туған. Бұл диагнозды бала іште жатқан кезде емес, туғаннан кейін қойған.

Анара Бауыржанқызы 27.01.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

СпортАтақ және ақша

Қазақстан азаматтығын алған шетелдік 126 спортшының 79-ы өз еліне кетіп қалған

30.05.2024
Атақ және ақшаӘдебиетРуханият

Қазақ қызы секс туралы роман жазып дауға қалды

29.05.2024
Атақ және ақша

«Өгей шеше өз анаңдай болмайды»: Абай Бегейдің үлкен қызы жазба жариялады

21.05.2024
Атақ және ақша

Танымал продюсердің үстінен қылмыстық іс қозғалды

17.04.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?