Қазақстандық Рахат Көшкінбаев атақты Balenciagа брендінің сән көрсетіліміне шықты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол инстаграм парақшасында жазды.
Мен Balenciagа көрсетіліміне қатысқан бірінші қазақ екенімді мақтан тұтамын,
деп жазды жас жігіт.

Ол сондай-ақ өз командасын және Balenciaga сән үйіне қолдау үшін алғыс білдірді.