Categories: Оқиға

Балконнан секіріп кеткен әйелді аман алып қалуға болар еді – құтқарушылар

«Ақкент» шағын ауданында болған өрт кезінде балконнан секірген әйелді құтқаруға болар еді. Бұл туралы Алматы қалалық төтенше жағдайлар депаратменті бастығының міндетін орындаушы Ерлан Әлібеков мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оның айтуынша, өрт кезінде адамдар қатты үрейленіп, арты дүрбелеңге ұласқан. Тұрғындар балаларын балконнан лақтырып жіберген, артынан өздері де секіріп кеткен. Алайда үйдің сыртында қатты түтін байқалмаған. Балконда барлық тесікті бітеп, отыруға болар еді. Ол жерде таза ауа да бар. Қаза болған әйелді де құтқаруға мүмкіндік болған.

Ол уақытта біздің құтқарушыларымыз жақындап қалған. Олар 20 секунд күте тұрғанда алып шығатын едік. Өрт сөндірушілер есікті бұзып кіргенде анасы болған. Оған құтқару қалпағын кигізіп, алып шықты. Сол кезде екі қыз секіріп кетті. Сәл күте тұрғанда оларды да құтқаратын еді,

деді Әлібеков арнайы брифингте.

Оның айтуынша, кешегі өрт кезінде 80 адам құтқарылды. Олардың арасында балалар да бар.

Айта кетері, балконнан секірген бір әйел ауыр жарақат алып, қайтыс болды. Оның әпкесі ауруханада жатыр.

Қайтыс болған әйелдің отбасына Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев көңіл айтқан болатын.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago