Фото: pixabay.com
Екі айдың ішінде өзін банкрот деп тануды сұраған қазақстандықтардың 70%-ының өтініші кері қайтарылған. Өйткені адамдардың қарызы шекті сома, яғни 1 600 айлық есептік көрсеткіштен асып кеткен. Бұл туралы қаржы министрлігі айтты.
Кей өтініш бергендердің ипотека төлеп жатқаны анықталған, яғни қарыз төлеуге мүмкіндігі бар. Ал көп жағдайда адамдардың меншігінде мүлік, автокөлік, жер учаскісі бар. Мұндай мәліметтер банкроттық рәсімдеу сотқа жетпей белгілі болған.
Алайда өтініші кері қайтқан азаматтардың үш айдан кейін қайта өтініш беруге құқы бар. Өйткені қабылдау әлі жүріп жатыр. Жалпы 3 наурыздан бері 50 мыңға жуық өтініш түскен.
Қазіргі таңда 49 мың арыз түсті. Солардың 6 мыңнан астамы өңделіп, оң шешімі қабылданып, осы 6 айдың ішінде ол азаматтарға «банкрот» деген статус берілуі мүмкін. Әлі нақты шешім қабылдаған жоқ. Себебі заңнама бойынша, 6 ай мерзім өтуі керек. Арызды берушілердің 36 мыңының арызы кері қайтарылды.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…