Categories: Қоғам

Барахолкадағы мафия. Мүгедекті кім мүсәпір етті?

Алматыдағы Барахолка базарында қарт кісіні әлдекімдер қысым көрсетіп қайыршыға айналдырған. Күні бойы бір «пирожок» жеп күн көретін әжеге еріктілер көмектесті.

Еріктілер «Астарлы ақиқат»  бағдарламасына көмек сұрап хабарласқан. Оқиға орнына барған тілшілер апаны әлдебіреулердің таңертең «жұмыс орнына» алып келіп, кешкісін қымбат көлікпен алып кететінін байқапты.

66 жастағы әйел бейтаныс адамдардың қыспағынан күні кеше босап шыққан. Құлдықта ұстағандар жаздың ыстығы, қыстың суығына қарамастан далаға тастап, күнде «салық» салып отырған.  Жоспарды орындамаған күні оңбай таяқ жеген екен.

Барлығын тартып алатын. Күні бойы жинаған ақшадан дым татырмайтын. Таңертең базар жақтағы көпірге қалдырып, кешке алып кетіп жүрді. Олар қалаған соманы жинай алмасаң, ит қорлық көрсететін. Оңдырмай ұрып, сұлатып түсіреді. Содан болар, есімді жөнді білмеймін. Құлдықта менен де басқа адамдар болды. Оларды қаланың басқа жағына тастайды,

деді қарт әжей.

66 жастағы әйел қазір оңалту орталығында ем алып жатыр. Оны бейтаныс адамдардың қыспағынан еріктілер құтқарып алған. Құлдықтан босап шыққан қарттың жанашыр туысы, не іздейтін жақыны жоқ. Құжаттан да жұрдай.

Полиция арызды қабылдамаған. Еріктілер көмек көрсетпегенде, әжейдің ертеңі не болар еді? Тек БАҚ өкілдерінен сескенетін біздің құқық қорғаушылар сол кезде ғана орындарынан қозғалады ғой. Енді арыз қабылданды. Тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Барахолкада тағы қанша адам қысыммен қайыр сұрап жүр? Құқығы тапталған апаны оңды-соңды пайдаланып, табыс көзіне айналдырғандар кімдер? 86 мың жәрдемақысын кім қалтасына басып отыр? Бүгін, «Астарлы ақиқат» бағдарламасынан көре аласыздар.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанның Украинадағы елшілігі Нұрбай атаны құттықтады

Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери атташе кеңсесі офицерлерінің қатысуымен Ұлы Отан…

1 день ago

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

1 неделя ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

1 неделя ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

1 неделя ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

1 неделя ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

1 неделя ago