Categories: Экономика

Экономист ЕАЭО қызметінің негізгі бағыттары туралы айтып берді

Jibek Joly телеарнасындағы «Фокус внимания» бағдарламасының эфирінде экономист Олжас Құдайберген ЕАЭО қызметінің негізгі бағыттары туралы сөз қозғады.

«Бізде әуелден кеден одағы болды. Тауар тасымалы еркін еді. ЕАЭО дегеніміз – тауар, капитал мен жұмыс күшінің еркін қозғалысы. Тауар тасымалы бойынша атқарылар жұмыс көп: реттеуші бөлігін өзгерту керек, ол әлі істеліп жатыр. Жұмыс күшін алмасу бар. Қызметтерге келер болсақ, аяқталмаған жұмыс қыруар, бірақ мәселе онда емес. Тауарлардың бір бөлігі Ресей арқылы өткенде тарифтерге, рұқсат беру жүйесіне қатысты мәселелер туындайды. Уақытында қабылданбаған шешімдер салдарынан біздің компанияларымыз зардап шегетін жағдайлар жиі болады. Аяқталмаған жұмыс дегенде осындай дауларды меңзейміз. Ал Еуроодақта мұндай мәселе жоқ. Сол себепті осындай дау туындамайтындай шешім табуымыз қажет», — деді экономист Олжас Құдайберген.

Спикер ЕАЭО экономикалық интеграция үлгісінде құрылғанын тілге тиек етті.

«Келіссөздер кезінде бірыңғай парламент, әскер құруға ұмтылыс болды. Әрине, келіссөз барысында қатысушы елдердің бәрі бұл бөліктерді алып тастап, тек экономикалық интеграция форматын қалдырды. Әдетте интеграция қандай да бір пайда үшін жасалады ғой, сол себепті мұнда экономикалық интеграция тұрғысынан пайда бар», — деп толықтырды ол.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауылшаруашылығы саласындағы өнім өндірушілермен кездесіп, жақында Мәскеуде өткен саммитті қорытындылап, ЕАЭО қызметінің негізгі бағыттарын айқындап бергенін айта кетейік.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

2 дня ago

«Қуандық қажы екен». Бишімбаев бес рет қажылыққа барған

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман әлеуметтік желіде көпшіліктің көкейінде жүрген маңызды сұрақтарға жауап…

2 дня ago

«Имам садақаға түскен ақшаға Lexus алған» дейді

ҚМДБ мәлімдеме жасады. Әлеуметтік желі қолданушысы Оразбек Садықов тараздық имамның садақаға түскен қаражатқа қымбат көлік сатып алғанын…

2 дня ago

Алматыдағы автобус апаты: Сотталушы соңғы сөзін айтты

Алматыда үш адамның өмірін қиған автобус апатына қатысты қылмыстық іс бойынша сот жарыссөзінде Д.Ахмеджанов соңғы…

2 дня ago

Алматы әуежайында Air Astana ұшқышы есірткімен ұсталды

23 сәуір күні Алматы халықаралық әуежайында полиция қызметкерлері Air Astana әуе компаниясының екінші ұшқышы Қазыбек…

3 дня ago

Түркістанда 90 млн теңге қарызы бар қазақ жүр

Ол аздай, оны полиция ұстап алды. Көшелерді патрульдеу кезінде Түркістан қаласының патрульдік полиция қызметкерлері “Қорғау”…

3 дня ago