Categories: Қоғам

«Барлық мәселе тәрбиеде»: Қорғаныс министрі әскердегі әлімжеттік пен суицид туралы

Министр «әскерге жарамды жастарды түнгі клубтардан әкетіп жатыр» деген мәселеге қатысты пікір білдірді.

Әлімжеттік пен суицид деректерінің көбеюінен ата-аналар баласын әскерге жіберуден қорқады. Қорғаныс министрі бұл мәселеге қатысты не ойлайды? Журналистер бұл туралы Мәжіліс куларында министр Руслан Жақсылықовтан сұрады. 

Менің ойымша, бар мәселе тәрбиеде. Өзі үшін, басқа еркектер үшін, Отаны үшін жауапкершілік ала алатын еркек қылып тәрбиелеу керек. Ал егер ол бар назарын түнгі клубқа бөлсе, еркек болмағаны. Кім екенін көрсетпей-ақ қояйын, бұл жерде ондайлар жоқ. Егер өз еліңнің патриоты болсаң, неге әскерге бармайсың?,

деді министр.

Министр «әскерге жарамды жастарды түнгі клубтардан әкетіп жатыр» деген мәселеге қатысты да пікір білдірді.

«Әскерге шақырылғандар компьютер клубтары мен түнгі клубтардан ұсталып жатса, олардың денсаулығы бос уақытын осылай өткізуге мүмкіндік береді деген сөз. Демек, ондай жастардың конституциялық міндетін орындап, әскер қатарына баруға мүмкіндігі бар.

Өмірде бәрі болуы мүмкін. Адаммен жұмыс істейтін адам ешнәрседен сақтандырылмаған. Бірақ Қарулы күштердің басшылығы келеңсіз мәселелерден арылу үшін барлық шараларды қолданып жатыр,

деді Руслан Жақсылықов.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

6 дней ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

3 недели ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

1 месяц ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

5 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago