Categories: Қоғам

«Барлығына сабақ болсын»: Бибісара Асаубаева кешірім сұрады

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Жансая Әбдімәлікпен болған жанжалға қатысты пікір білдіріп, өзі ренжіткен адамдардан кешірім сұрады.

Спортшының айтуынша, Үндістандағы Гран-приде болған бейберекетсіздікті көбелектің қанат қағуы әсерімен салыстыруға болады.

Көбелектің болмашы қанат қағуынан жағалаудың ар жағында пайда болған цунами бәрімізді басып қалғандай күйде жүрміз. Кеше мен айтқан бір жағдай осындай үлкен дау тудырды. Енді оның салдарымен не істеу керек екенін өзіміз де түсінбей отырмыз. Бәлкім, мен кеше қатты толқып кеткен шығармын (айтпақшы, сол үшін хейтерлерден сыбағамды алдым). Әлбетте, ақыл-ойдың алдына түсіп кететін эмоциялардың ауыр зардапқа әкелуі мүмкін екені сөзсіз. Бұл барлығына сабақ болсын. Шахматшы бірнеше қадамды алдын ала есептеуі керек, ең алдымен өмірде солай еткені дұрыс. Өйткені өмірде жіберген қатенің бағасы шахмат тақтасындағыдан әлдеқайда жоғары болады. Ал қателессем, мойындауға дайынмын,

деп жазды Бибісара Ассаубаева Instagram парақшасында.

Спортшы турнирлер кезінде немқұрайлы ұйымдастыру, ұйқысыздық, келеңсіздіктер мен нәтижесіз уәделер енді ешқашан болмайды деп үміттенетінін жеткізді.

Мен жай ғана ойын ойнап, рекорд орнатып, еліміздің абыройын асқақтатып, туған-туыстарымызды қуантқым келеді. Өйткені біз осы үшін келдік. Және бізге осындай мүмкіндік береді деп сенемін. Қасиетті Рамазан айында әсіресе, таза ой, таза ниет болуы маңызды. Ренжіткен адамдардан кешірім сұраймын. Жаман мақсатым болған жоқ. Ал лайықты адам өз марапатын алсын,

деп түйіндеді Б. Асаубаева.

Еске салайық, осыдан бірер күн бұрын Бибісара Асаубаева әріптесі, халықаралық гроссмейстер, Алматы қаласы мәслихатының бұрынғы депутаты Жансая Әбдімәлікті сынап, желіде жазба қалдырған болатын. Бұл туралы біз жазған едік. «Нетфликс назар аударсын»: Бибісара Асаубаева мен Жансая Әбдімәлік Желі арқылы ұрсысты

Сая Манарбековна

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago