Қоғам

«Бармысың, бауырым»: Қазақстанда кімдер жиі жоғалады

Бас прокуратура іздеудегі адамдар бойынша статистика мәліметтерін келтірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің мәліметінше, қазір 10 748 адам іздеуде болса, оның 2 176-сы із-түзсіз жоғалған.

Хабар-ошарсыз кеткендердің көбі мына өңірлерде тіркелген:

  • Алматы – 287;
  • Қарағанды ​​облысы – 221;
  • Павлодар облысы – 170;
  • Алматы облысы – 167.

Сонымен қатар көбіне 30 бен 49 жас аралығындағы ерлердің (77%) түрлі жағдайда жоғалып кететіні айтылды.

  • Үйінен кетіп, оралмағандар – 1634 адам.
  • Көлікпен жоғалғандар – 74.
  • Жұмыстан кетіп, оралмағандар – 36.

Сонымен бірге елде тергеу мен соттан қашып кеткен 2372 адам іздестіріліп жатыр.

Айта кетейік, іздеуде жүргендер негізінен 31-40 жас аралығындағы ер адамдар (89%),

дейді ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

Олардың ең көп саны алаяқтық (510), ұрлық (318) және кісі өлтіру (146) бойынша іздеуде:

  • Алматы (514).
  • Астана (185).
  • Шымкент (155).
  • Алматы (143) және Қарағанды ​​(140) облыстары.

10 тамыз күні Бас прокуратураның Ресейде жасырынған қазақстандық сепаратисті экстрадициялауды талап еткені белгілі болды. Өтініш әлеуметтік желіде Орал мен Қазақстанның басқа да бірнеше қаласын Ресейге беруді талап еткен Максим Яковченконы экстрадициялауға қатысты.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago