Шетел басылымына шолу

Башқұртстанда эко-белсенділерді жаппай ұстау жүріп жатыр

Башқұртстанда құқық қорғау органдары қызметкерлері Құштау тауын қорғаушы Фаил Алсыновқа сот үкімі шығар алдында оған қолдау білдіріп жатқан эко-белсенділерді жаппай ұстап жатыр.

Idel.Реалии басылымының мәліметінше, ұсталғандардың арасында «Башқұрт» ұйымының бұрынғы басшысы Илнар Галин, Құштау белсендісі Юлай Аралбаев, Рафаил Абдрахманов, Фанзиль Ахметшин бар. Полиция сонымен бірге былтыр шабуылға ұшыраған Илдар Юмагуловты да ұстаған.

17 қаңтарда Құштау қорғаушыларының бірі Фаил Алсыновқа қатысты сот шешімі шығуы тиіс. Ол жеккөрушілік пен араздықты қоздырды деп айыпталып жатыр. Тергеу мәліметінше, ол сөзінде «Кавказ, Орта Азия тұрғындары мен армяндарды» кемсіткен. Белсенді болса мұны теріске шығарады.

Алсынов «Башқұрт» ұйымын басқарған. Бұл ұйымды 2020 жылы Ресей билігі экстремистік деп танып, қызметіне тыйым салған.

«Құштау Байрам» телеграм-каналының жазуынша, қазір республикада WhatsApp мессенджері жұмыс істемей тұр.

2018 жылы Құштау тауын «Башқұрт сода компаниясына» әк қазу мақсатында берген. Бұл шешімге жергілікті тұрғындар қарсы шыққан. Осыдан кейін көптеген белсенділер әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Сайт Әкімшілігі

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

20 часов ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

21 час ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

21 час ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

21 час ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

23 часа ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

2 дня ago