Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Саясат > Су жаңа депутаттар Мәжілісте не талап етті
Саясат

Су жаңа депутаттар Мәжілісте не талап етті

Анара Бауыржанқызы
Анара Бауыржанқызы 06.04.2023
Обновлено 06.04.2023 в 11:04
Поделиться
Поделиться

Күні кеше сайланған депутаттар Үкімет үйіндегі жылы орындарына жайғасып, Мәжілістің жалпы отырысында қоғамды толғандырған мәселелерді көтеріп үлгерді. Олардың әрқайсы өздеріне жақын саланың шешілуі тиіс қордаланған проблемаларын алға тартты.

Мазмұны
Баспана алуды жеңілдетуСахна сыртындағылардың жалақысы мардымсызЗаңсыз үй салуға рұқсат бергендер жазалануы тиісҚазақ тілі тасада қалып отырШҚО-да жол мәселесі басты орындаСепаратистерге қарсы заңды күшейту қажет

Баспана алуды жеңілдету

Осылайша, депутат Дәулет Мұқаев «Жас отбасы» бағдарламасының бастапқы жарнасын 10 пайыздан асырмауды ұсынды.

Айтуынша, елімізде жаңа құрған отбасылардың 40 пайызға жуығы ажырасады. Ажырасудың басты себебі материалдық қажеттілік, оның ішінде баспананың болмауы. Сол себепті, отбасына жаңа құрған жастарды баспанамен қамтамасыз ету біршама мәселелердің алдын алады.

Сондықтан мемлекеттік деңгейде «Жас отбасы» бағдарламасының бастапқы жарнасын 10 пайыздан асырмауды ұсынамын. Бүгінгі таңда Отбасы банкі тарапынан жүзеге асып жатқан «Жас отбасы» бағдарламасында бастапқы жарна 50 пайызды құрайды. Мұндай қаражат жинау жастарға қиындық тудыртады,

деді Мәжіліс дептутаты.

Сахна сыртындағылардың жалақысы мардымсыз

Ал Мәжілістің жалпы отырысында Үкімет басшысының орынбасары Алтай Көлгіновтың атына депутаттық сауал жолдаған Ринат Зайытов мәдениет саласы қызметкерлерінің мұңын көтерді.

Оның атап өтуінше, мәдениет саласының қызметкерлері дегеніміз – тек қана сахнада өнер көрсететін тұлғалар емес, солардың жағдайын жасап отырған сахна сыртындағы еңбек адамдары.

«Олар мемлекетіне шынайы махаббатпен қарап, мәдениетке бар ықыласымен қызмет ететін: сахна техниктері, костюмерлер, гримерлер, жарық түсірушілер, дыбыстаушы деген сияқты мыңдаған адамдар. Жанға бататын бір жайт, бұл аталған қызметкерлер әлі күнге дейін санаты жоғарылап, жалақысы өсіп жатқан ұстаздар, дәрігерлер сияқты мамандар қатарынан да орын алған жоқ. Қазіргі таңда қай мекемені алсаңыз да, мәдениет саласы қызметкерлерінің жалақысы 60 мың теңгеден басталып, 100 мың теңгеге жетер-жетпес межеден аса алмай тұр. Еңбекақының төмендігі білікті мамандардың жұмыстан өз еркімен кетіп, мәдениет ошақтарының жұмысын тұралатуға әкеліп соғады. Құрметті Алтай Сейдірұлы, осы орайда, мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының қосымшасына мәдениет, архив және кітапхана қызметкерлерінің коэфиценттерін өзгертіп, жалақысын өсіруіңізді сұраймын», — деді Ринат Зайытов.

Заңсыз үй салуға рұқсат бергендер жазалануы тиіс

Су тасқыны қаупі бар жерге үй салуға жол берген лауазымды тұлғалар жазасын алуы тиіс, деді депутат Ғалымжан Елеуов Мәжілістің жалпы отырысында. Айтуынша, Үкімет су тасқынына жүздеген миллиард теңге бөлгенімен, нәтиже жоқ.

Мысалы, биыл Ақтөбе облысының Қобда ауданында су тасқынынан 79 үй, дәмхана, мектеп пен спорт кешені, ал Ойылда 25 үй зардап шекті. Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласы мен жанындағы ауылдарда 180-ге жуық үйді су басты. Сонымен қатар, Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылында жауған жаңбыр мен еріген қар суы салдарынан 2 рет су тасқыны болып, тас жол бұзылып, маңындағы ауылдарға қауіп төндірген. Ол 259 отбасының ғана көз-жасы емес, тұтас халықтың басындағы қиындық,

деді Үкімет басшысының бірінші орынбасары Роман Склярдың атына депутаттық сауал жолдаған Ғалымжан Елеуов.

Оның атап өтуінше, «AMANAT» партиясы зардап шеккен тұрғындарға құрылыс материалдарымен көмек көрсетуде. Сондай-ақ, фракция Үкімет су тасқынына қарсы келесі іс-шараларды шұғыл қабылдауы қажет деп есептейді:

  • Біріншіден, Үкімет жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарындағы тасқыннан зардап шеккен барлық отбасыға жедел түрде материалдық көмек көрсетуі тиіс.
  • Екіншіден, тасқынның салдарынан баспанасынан айрылған азаматтарға жедел үй салып беру басты міндет.
  • Үшіншіден, еліміздің барлық аумағында Су тасқыны қаупі бар жерлердің картасы жасалуы қажет,
  • Төртіншіден, су тасқыны қаупі бар жерлердің барлығында тасқыннан қорғайтын дамбалар, контррегуляторлар, су өтетін өткелдер салу аса маңызды. Тасқынның салдарымен күреспей, оның алдын алу қажет.
  • Бесіншіден, жаз кезінде Қазақстанда су ресурстарының жетіспейтіндігін есептесек, жаңа дамба, плотиналар салу елді мекендерді қорғап қана қоймай, ауыл шаруашылығына көмектестетіні анық.
  • Алтыншыдан, су тасқыны қаупі бар көптеген жерлерде жергілікті атқарушы билік үй салуға жол берген. Соның нәтижесінде жеке тұлғаларға да, мемлекетке де орасан зор шығын келіп отыр. Бұл жерлерді кім бергенін тексеріп, заңсыздыққа жол берген лауазымды тұлғалар жазасын алуы тиіс.

Қазақ тілі тасада қалып отыр

Мемлекеттік қызметке қабылдау кезінде өткізілетін тестілеуде қазақ тілі есепке алынатын норма енгізу қажет. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында депутат Самат Мұсабаев айтты.

«Бүгінгі өзекті мәселе, ол – мемлекеттік қызмет саласындағы қазақ тілінің жағдайы. Заңмен бекітілген биік мәртебесіне қарамастан, бүгінгі күнге дейін мемлекеттік қызмет саласында ана тіліміздің ресми тілдің тасасында қалып отырғаны жасырын емес. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығына сәйкес, мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидасында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тестілеуден өту үшін — мән белгіленбейді» деп жазылған. Демек бұл, мемлекеттік қызметке өту барысындағы тапсырылатын тестілеуде қазақ тілінің қажеттілігі жоқ екенін білдіреді», — деді Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының атына депутаттық сауал жолдаған Самат Мұсабаев.

Мысалы оның дерегінше, «Б» корпусының мемлекеттік қызметке өту сынағында 9 нормативтік-құқықтық актілер бойынша қамтылған 130 сұрақтың белгілі бір межесі көрсетілген. Ал қазақ тілінен өту межесі айқындалмаған. Бұл ана тілге деген құрметтің мүлдем жоқтығын көрсетеді.

Бізге түсініксіздігі, мемлекеттік қызметке өткен азаматтарға берілетін сертификатта «Үміткер Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеуден сәтті өтті» деп жазылады. Бұл анық көзбояушылық емес пе? Осыған орай біздің ұсынысымыз мемлекеттік қызметке қабылдау кезінде өткізілетін тестілеу кезінде қазақ тілі есепке алынып, үміткер 100 пайыз мемлекеттік тілден оң нәтиже шығару керек деген нормалар енгізілсін,

деді Мәжіліс депутаты.

ШҚО-да жол мәселесі басты орында

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Нұртай Сабильянов Абай мен Шығыс Қазақстан облыстарының жолдарын жөндеу мәселесін көтерді.

Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында халықпен кездесулер өткізгенде жол жөндеу мәселесі жиі көтерілді. Мысалы, «Қалбатау – Майқапшағай» және «Қалбатау – Аягөз — Үшарал» республикалық маңызы бар жол учаскелерін жөндеу осы күнге дейін толық аяқталмаған. Бұл жолдар халыққа қиындық туғызып отыр. Әсіресе, Үшбиік – Аягөз 92 шақырым аралығындағы жолда жүру қиынға соғуда. Сонымен қатар, «Семей-Қайнар» және «Қарағанды-Аягөз-Боғас» республикалық маңызы бар жолдарды жөндеу жұмысы тоқтап қалған,

деді Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың атына депутаттық сауал жолдаған Нұртай Сәбильянов

Сондай-ақ, ол Аягөз ауданының Ақтоғай кентінен республикалық маңызы бар жолға дейінгі 85 шақырым жолдың жағдайы өте нашар, тозғанын атап өтті. Осы жолдарға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп, бөлінген қаражатты тиімді пайдалануды қаматамасыз ету керегін басты назарға алды.

Сепаратистерге қарсы заңды күшейту қажет

Еліміздің мемлекеттік бұлжымастығы мен территориялық тұтастығына нұқсан келтіруге қабілетті топтарға қатысты құқықтық тексеру жүргізу қажет, деп есептейді депутат Ерлан Саиров.

Петропавл қаласындағы бірқатар азаматтың Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы келетін мәлімдемелері қоғам арасында резонанс туғызып, бүкіл халықтың мазасын алуда. Бұл оқиға еліміздегі құқықтық сана және қоғамдық процесстер саласындағы фундаменталды проблемалардың бар екендігін көрсетеді. Азаматтар өздерінің іс-қадамдары үшін нақты заң алдында қатаң жауап беретіндігін сезініп, түсінуі тиіс! Құқықтық мемлекет дегеніміз — заң және тәртіп! Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес, іс-әрекеттері мемлекеттің территориялық тұтастығын бұзуға бағытталған қоғамдық бірлестіктер құруға және олардың қызметіне тыйым салынған. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінде Қазақстан Республикасының тұтастығын бұзуға жария түрде шақыру әрекеттеріне ауыр жаза қарастырылған. Бұл оқиға еліміздің ақпараттық-қоғамдық саласында да терең проблемалардың да бар екендігін көрсетті,

деп атап өтеді Бас прокурор мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының атына депутаттық сауал жолдаған Ерлан Саиров.

Оның атап өтуінше, азаматтардың мемлекеттік өзін-өзі сезіну мәселесімен ешбір мемлекеттік орган жүйелі айналысып отырған жоқ. Мемлекеттің және шекаралық аймақтардағы ақпараттық қауіпсіздік проблемасы ушығып тұр. Қазақстанда тұратын барлық ұлт өкілдеріне әлеуметтік- экономика, саясат саладында өздерін көрсетуге, бейбіт, лайықты өмір сүруге барлық жағдай жасалған. Сондықтан, Қазақстанның әр-бір азаматы мемлекеттің бірлігі мен еліміздің территориялық тұтастығы үшін аянбай еңбек етіп, күресуі керек.

ТЕГи: Главное
Анара Бауыржанқызы 06.04.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?