Categories: Денсаулық

Басының сақинасы барларға жақсы жаңалық

АҚШ-тың дәрі-дәрмектер мен азық-түлік өнімдерінің сапасын бақылау жөніндегі басқармасы қатты бас ауруын тез арада жеңілдедетін дәріні өндіріс пен қолдану үшін ресми түрде мақұлдады.

Сонымен қатар препаратты зерттеудің үшінші клиникалық кезеңі оның қолданудан кейін 15 минут ішінде мигрень ауруын жеңілдететінін көрсетті.

Zavzpret деп аталатын препарат биылғы жылдың шілде айында дәріханаларда пайда болуы тиіс және ең алдымен ол жүрек айнуы мен құсудың болуына байланысты ауырсынуды басатын пероралды дәрілерді қабылдай алмайтын адамдарды емдеуге арналған.

Препарат 1405 адамнан тұратын «соқыр таңдау» әдісі арқылы екі рет зерттелді, олардың жартысы спрейдің бір дозасын қабылдады, ал қалғандары мұрындарына плацебо спрейін шашты.

Спрей мигреньнің басталуынан екі сағат өткен соң ауырсынуды айтарлықтай азайтады, оның белгілерінің ішінде жиі және қатты бас ауруымен қатар, жүрек айнуы мен жарыққа немесе шуға деген сезімталдық болуы мүмкін.

Еске салайық, қазіргі уақытта әрбір бесінші адам мигреньмен ауырады. Ауру көбінесе жыныстық жетілу кезінде басталады, ал 35-45 жастағы адамдар үшін өте ауыр әсер етеді. Айтпақшы, мигреньге сәйкес келетін алғашқы сипаттамалар Эберс папирусында бар. Бұл медициналық трактат біздің дәуірімізге дейінгі 1500 жылы Ежелгі Египетте жазылған, ол жарақат алу және паразиттермен күресуден бастап стоматология мен гинекологияға дейінгі түрлі аурулардың кең тізімін, сондай-ақ олардың диагностикасы мен емдеу әдістерін қамтиды.

Фариза Сагындыкова

Recent Posts

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

9 часов ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

9 часов ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

10 часов ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

2 дня ago

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

3 дня ago

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

6 дней ago