Видеодан марқұм өрт сөндіруші Асқар Закибуллиннің үш адамды құтқарған, бірақ өзінің өмірін алған өрт кезін көруге болады.
28 жастағы өрт сөндіруші 20 қараша таңертең ауруханада көз жұмды. Астанадағы көпқабатты үйдегі пәтерді сөндіру кезінде ол егде әйелді, оның немересін және 10 жасар баланы өрттен алып шыққан. Алайда өзі ауыр күйік алған.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Асқар Забикулиннің жақындарына көңіл айтты. Оның отбасына үш бөлме пәтер берілді, несиелері өтелді.
Астанадағы көшенің біріне өрт сөндірушінің есімі беріледі.